Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Түрлер эволюциясының қозғаушы күштері туралы Ч.Дарвиннің ілімі

Конспект

Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік. Дарвин өзінің эволюциялық ілімінде органикалық дүниенің тарихи дамуының қозғаушы күштері – тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп көрсетті. Кез келген тірі организмге тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері тән. Дарвиннің кезінде тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің себептері аз зерттеліп, көп уақыт түсініксіз болып келді. Генетика ғылымының қалыптасуына байлансты қазіргі кезде тұқым қуалаушылықтың хромосомаларда орналасқан гендер арқылы іске асырылатыны белгілі болды. Тұқым қуалаушылық организмге тән ерекшеліктер мен қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі болса, өзгергіштік жаңа белгілердің, айырмашылықтың қалыптасуы болып табылады. Дарвин өзгергіштіктің тұқым қуаламайтын және тұқым қуалайтын формаларды ажыратты.

 

Түрішілік күрес - бір түрге жататын даралар арасында жүреді. Тіршілік үшін күрестің бұл формасы өте шиеленіскен жағдайда өтеді. Өйткені бір популяциядағы даралар бірдей қорек, жылу, жарық, су, т.б. қажет етеді.

 

Түраралық күрес – әр түрге жататын даралар арасында жүреді. Оған арамшөптер мен мәдени өсімдіктердің, жыртқыштар мен үй жануарларының, түлкі мен қоянның арасындағы тіршілік үшін күресті мысаға келтіруге болады.

 

Бірнеше ғасырды қамтып, үздіксіз жүріп жататын әрекет- табиғи сұрыпталу. Бұл әрекетке қажетті материал – ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалып нығая түсетін шағын өзгерістер. Табиғи сұрыпталу нәтижесінде, тіршілік ортасына сәйкес бейімделген жаңа түрлер түзіледі.



Сұрақтар
  1. Бірнеше ғасырды қамтып, үздіксіз жүріп жататын әрекет:

  2. Әр түрге жататын даралар арасында жүретін күрес
  3. Бір түрге жататын даралар арасында жүретін күрес
  4. Жаңа белгілердің, айырмашылықтың қалыптасуы
  5. Организмге тән ерекшеліктер мен қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі
  6. Неліктен Дарвиннің ілімі эволюциялық теория ретінде бүкіл әлемде қолдау тапты?

  7. Өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықты зерттейтін биология саласы:

  8. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік:

  9. Дарвин атап кеткен тіршілік үшін күрестің формалары:

  10. Кенеттен, кездейсоқ бір түрдің жеке дараларында ғана байқалатын өзгергіштікті Дарвин қалай атады?

  11. Морфологиялық критерий

Қате туралы хабарландыру