Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі - табиғи сұрыпталудың нәтижесі

Конспект

 

Бейімделушіліктің пайда болуы және түрлері. Организмдер эволюция барысында өзін қоршаған орта жағдайларына бейімделеді. Бейімделушілік деп организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттердің пайда болуын айтады. Бейімделушіліктің қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталуға тікелей байланысты. Мысалы, құстардың ұшуға, кейбіреулерінің суда жүзуге бейім келуі.

 

Бүркеніш рең. Бейімделушіліктің бұл түрі –ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі. Көптеген көбелектер мен қоңыздарды қанаттарының немесе денесінің түрлі түсті болуына сәйкес өсімдіктер арасынан ажырату қиын.

 

 

Жасырушы рең. Бірқатар жануарлардың дене пішіні мен реңі айналасындағы заттарға ұқсайды. Мысалы, тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы лианалардан ажырату мүмкін емес. Судағы қалың өскен балдырлар арасынан теңіз атбасы мен инебалықты ажырату да оңайға түспейді.

 

 

Сақтандырушы рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктере тән белгі. Улы жылан, плащты кесіртке, батбат кесіртке, сона мен аралар түрлі түсті жолақты ашық реңіне және айбат шегуіне байланысты бірдең көзге түседі.

 

 

Қорғаныш рең. Бейімділіктің бұл түрі қорғана алмайтын жәндіктерде байқалады. Кейбір қауіпсіз жәндіктер пішіні, реңі және мінез–құлқы тұрғысынан улы , шағатын , қауіпті жәндіктерге ұқсайды. Мысалы, шағатын шыбын, әдетте, араға ұқсас келеді, улы емес жыландар улы жыландарға ұқсайды.



Сұрақтар
  1. Кейбір қауіпсіз жәндіктер пішіні, реңі және мінез–құлқы тұрғысынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсауы
  2. Көбінесе улы және шағатын жәндіктере тән белгі
  3. Бірқатар жануарлардың дене пішіні мен реңі айналасындағы заттарға ұқсауы
  4. Ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану

  5. Организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттердің пайда болуы
  6. Қыста үсікке ұшырайтын өсімдік формасы:

  7. Топырақта не су астында болатын өсімдіктердің тіршілік формасы:

  8. Паразиттерді қалай жіктейді?

  9. Қыста қар жамылғысымен қорғалатын өсімдіктердің тіршілік формасы:

  10. Кез келген организмнің негізгі тіршілік ортасын қалай атаймыз?

  11. Идиоадаптацияға мысал бола алады

Қате туралы хабарландыру