Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері

Конспект

Салыстырмалы анатомиялық дәлелдемелер. Тірі организмдердің клеткадан тұратыны, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрылысы мен атқаратын қызметі, химиялық құрамы ұқсас екені айтылды. Бұл барлық тірі организмдердің шығу тегінің бір екендігіне айқын дәлел болды.

Гомологиялық мүшелер

 

Эмбриологиялық дәлелдемелер. Организмдер ұрығының дамуын зерттейтін ғылым саласы эмбриология деп аталады. Бұл саладағы зерттеу жұмыстары “көп клеткалы организмдердің барлығы ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамып жетіледі” деп көрсетті. Ұрықтық дамудың сатысында барлық омыртқалылардың ұрықтары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.

Эмбриологиялық дәлелдемелер

 

Палеонтологиялық дәлелдемелер. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы палеонтология деп аталады. Органикалық қазба қалдықтары зерттеп салыстыру әр түрлі геологиялық замандағы тіршіліктің бейнесін көз алдымызға елестетеді.

 

 

 

Биогеографиялық дәлелдемелер. Жер шарының түрлі материктеріндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін зерттеу олардың тарихи дамуы, яғни эволюциялық процестің жүру барысы туралы мәлімет береді. Ағылшын ғалымы А.Р. Уоллес 6 биогеографиялық мәлімет береді. Олар: 1)палеократикалық, 2)неоарктикалық, 3)эфиопиялық, 4)үндімалазиялық, 5)неотропиктік, 6)аустралиялық аймақ. Бұл аталған аймақтардағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің ұсастығы мен айырмашылық дәрежесі әр түрлі. Зерттеулерге қарағанда, материктер бір-біріне неғұрлым жақын орналасса, олардағы өсімдіктер мен жануарларда туыстық формалардың саны көп болады. Неғұрлым ертерек бөлініп, оқшауланған материктердегі организмдердің бір-бірінен айырмашылығы да анығырақ байқалады. Мысалы, Аустралия Оңтүстік Азиядан осыдан 100 млн жылдай бұрын бөлініп кеткен. Сондықтан бұл аймақта басқа еш жерде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сақталған (қалталы сүтқоректілер, үйректұмсық, ағаш тәрізді папоротниктер, т.б.)

 



Сұрақтар
  1. Жалпы шығу тегі мен құрылысы бір мүшелер:

  2. Организмдер ұрығының дамуын зерттейтін ғылым:

  3. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым

  4. Жер шарының түрлі материктеріндегі эволюциялық процестің жүру барысы туралы мәлімет береді:

  5. Сүтқоректілердің жорғалаушылардан шыққандығын дәлелдейтін өтпелі форма?

  6. Аустралиядан басқа материктерде кездеспейтін түрді анықтаңыз?

  7. Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрылысы мен атқаратын қызметі, химиялық құрамы ұқсас екені айтылатын дәлелдемелер?

  8. Құрылысы мен шығу тегі әртүрлі, бірақ атқаратын қызметтері ұқсас мүшелер?

  9. Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ұқсастығы мен айырмашылығына байланысты, 6 биогеографиялық аймақты атап көрсеткен ғалым?

  10. Қазбадан табылған мына омыртқалы - жорғалаушылар мен құстардың арасындағы өтпелі форма болып табылады?

Қате туралы хабарландыру