Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Микроэволюция. Түр. Түрдің популяциялық құрылымы

Конспект

Микроэволюция деп эволюциялық әрекеттер мен процестердің бастапқы кезеңдерін айтады. Мұндай процестер популяциялық-түрлік деңгейде байқалатын кішігірім тұқым қуалайтын өзгерістердің қалыптасуымен басталады. Пайда болған өзгерістер табиғи сұрыпталу нәтижесінде бейімделушілікке байланысты нығая келе жаңа түрлердің түзілуіне себеп болды.

 

Түр және оның критерйлері. Түр деп құрылысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып,өсімтал ұрпақ бере алатын даралар жиынтығын айтады. Кез келген түрдің даралары нақты бір аймақты мекендеп, сол орта жағдайларына жақсы бейімделген болады. Табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлері тіршілік етеді. Кез келген түр даралары басқа түрлерден тек өздеріне тән белгілері және қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер критерийлер деп аталады. Олардың бірі − морфологиялық критерийлер бір түрге жататын даралардың ішкі және сыртқы құрылысының ұқсастығын сипаттайды.

 

Физиологиялық критерий – бір түр дараларының барлық тіршілік әрекеттерінің ұқсастығын көрсетеді.

 

Биохимиялық критерий – кез келген түр дараларының клеткаларында олардың өздеріне ғана тән арнайы нәруыздар синтезделетінін анықтайды. Ол нәруыздар туралы ақпарат жазылған ДНҚ-дағы нуклеотидер құрамын сипаттайды. Мысалы, асбұршақта – 14, дрозофила шыбынында – 8, адамда 46 хромосома бар.

 

Экологиялық-географиялық критерий – түрдің тіршілік еткен аумағын анықтайды. Кез келген түр даралары нақты бір географиялық аймақты мекендеп, сол ортадағы басқа да тірі организмдермен және өлі табиғат жағдайларымен тығыз қарыма-қатынаста болады.



Сұрақтар
  1. Түрдің тіршілік еткен аумағын анықтайды:
  2. Түр дараларының клеткаларында олардың өздеріне ғана тән арнайы нәруыздар синтезделетінін анықтайды:
  3. Түр дараларының басқа түрлерден тек өздеріне тән белгілері және қасиеттері арқылы ерекшеленуі:
  4. Құрылысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алатын даралар жиынтығы:
  5. Эволюциялық әрекеттер мен процестердің бастапқы кезеңдері
  6. Популяциядағы гендердің толық жиынтығы?

  7. Бір түр дараларының оқшауланған шағын топтары:

  8. Бір түр дараларының көбею ерекшеліктерінің ұқсастығын көрсетеді:

  9. Бір түр популяцияларының ішінде жүретін әрекеттер жиынтығы?

  10. «Түр теориясының» негізін ?

Қате туралы хабарландыру