iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ІІІ тарау. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі
Ч.Дарвин
Дарвин ілімінің жарыққа шығуының қоғамдық-экономикалық және ғылыми алғышарттары. Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Англияда XIX ғасырдың алғашқы жартысында капитализм өте қарқынды дамыды. Мұның өзі ғылымның, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының амуына қозғау салды. Ірі қалалардың саны артты. Қала тұрғындарын азық-түлікпен, өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету қажет болды. Жергілікті мамандар қолдан сұрыптау арқылы үй жануарларының жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктің жоғары өнімді іріктемелерін шығара бастады. Мұндай жаңа формалардың алынуы тірі организм түрлерінің тұрақты емес, өзгеретіндігін дәлелдеді. Салыстырмалы эмбриологияда орыс жаратылыс зерттеушісі, эмбриолог К.М.Бэр (1792-1876) барлық организмдердің дамуы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан басталатынын айтты.
Сонымен қатар ол: “Хордалардың ұрықтары дамудың алғашқы сатыларында бір-біріне ұқсас келеді, өйткені олардың арасында туыстық байланыс бар, бұл тарихи дамудың нәтижесі”, - деген қорытынды жасады.
Ағылшын геологі Ч.Лайель (1797-1875) геологиялық зерттеулерінде: “Жер қыртысындағы әр түрлі шөгінді қабаттар табиғи күштердің әсерінен біртіндеп түзілген”, - деп дәлелдеді.
Ч.Лайель (1797-1875)
Жасанды сұрыптау. Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашуда Дарвин, ең алдымен, үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің көп түрлілігіне назар аударды. “Мұндай көптүрлілік қалай пайда болды?” деген сұрақ оны қатты ойландырды. Дарвин сұрыптаудың екі формасын ажыратады. 1. Мақсатты сұрыптау. 2.Мақсатсыз сұрыптау. Мақсатсыз сұрыптау адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келеді.
- Адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келген сұрыптау:
- Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» деген еңбегінің жарыққа шыққан жылы:
- Ч.Дарвиннің «Бигль» кемесімен саяхатқа шыққан жылы:
-
“Жер қыртысындағы әр түрлі шөгінді қабаттар табиғи күштердің әсерінен біртіндеп түзілген” - деп дәлелдеген геолог:
-
Барлық организмдердің дамуы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан басталатынын айтқан орыс жаратылыс зерттеушісі:
-
Эволюция бірлігі:
-
Ч. Дарвиннің 1871 жылы шыққан еңбегі?
-
Ч.Дарвин 1864 жылы қандай марапатқа ие болды?
-
Жалқау аң қаңқасы қай жерден табылған?
-
1868 жылы Дарвиннің қандай еңбегі жарық көрді?