Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Біржасушалы жануарлар

Конспект

Денесі цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан (опалина) тұратын өте ұсақ жәндіктер қарапайым жәндіктер типіне жатқызылады. Олардың табиғатта 70 мыңға жуық түрі бар деп есептеледі.

 

Қарапайым жануарларда ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Сондықтан бұларды жәндіктер тобына жатқызамыз. Біржасушалы жәндіктердің құрылысы өте қарапайым. Олар жалғанаяқтың, талшықтың, кірпікшелердің жәрдемімен қозғалады. Тұщы және тұзды суларда, топырақта, адам мен жануарлар денесінде паразиттік жолмен тіршілік ететін қарапайымдар да бар. Құрылысы қарапайым болса да бұл жәндіктер зат алмастырады, қоректенеді, тыныс алады, қажетсіз заттарды бөледі. Сондай-ақ ол көбейеді, өседі, қозғалады және тіршілігін жояды. Демек бұл – дербес әрекет ететін жасуша – тірі ағза. Көпжасушалы жәндіктердің әрбір жасушасы бірігіп, топтасады. Сөйтіп өз алдына әр түрлі қызмет атқарады. Ал біржасушалы жәндіктердің бір өзі ғана барлық жүйелердің қызметін әмбебап атқарады.

 

Қарапайым жәндіктер қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар: саркодиналар, талшықтылар, кірпікшелілер және споралылар класы. Грекше берілген «саркос» сөзі «плазма» дегенді білдіреді. («Плазма» дегеніміз қоймалжың сұйықтық немесе жасуша ішіндегі цитоплазма.) Сондықтан біз саркодиналар класы «плазмалылар» деп атаймыз. Бұл класқа жататын жәндіктер теңізде, тұщы суда тіршілік етеді. (Өздерің бұрын танысқан амебаны еске түсіріңдер.) Олардың паразиттік жолмен тіршілік ететін де түрлері (дизентерия амебасы) бар. Кейбіреуі тіпті батпақты жерлер мен топырақта да тіршілік ете алады. Плазмалылардың дене пішіні тұрақты емес. Жалған аяқтарын дененің кез келген жерінен созып шығарады. Сондықтан оларды «тамыраяқтылар» деп те атайды. Плазмалыларға жататын кейбір ағзалардың денесін әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайды. Олардың дене пішіні өзгермей сақталады. Суреттегі сәулелі өрмекаяқ, қошқармүйіз көпірме және шұрықденелі бунақай дене пішіндері тұрақты жәндіктер.

 

Қарапайымдардың талшықтылар және кірпікшелілер типіне жататын кейбір өкілдерімен бұрыннан таныссыңдар. Кірпікшелі кебісше, домаланғы, эвглена тіршілігін еске түсіріңдер. Талшықтылар да, кірпікшелілер де дене пішіні тұрақты ағзалар. Олардың дене пішінін сақтауға пелликула жәрдемдеседі. Пелликула дегеніміз – көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа, иілгіш қорғаныш қабат.

 

Талшықты ағзалар жануарларша тіршілік ететін бодо мысалында түсіндіріледі.



Сұрақтар
  1. Қарапайым жәндіктер қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты:
  2. Грекше берілген «саркос» сөзі:

  3. Көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа, иілгіш қорғаныш қабат:
  4. Паразитті жолмен тіршілік ететін біржасушалы жәндік:

  5. Саркодиналар класы:

  6. Саркодиналар класына жататын жәндіктері:

  7. Қарапайым жануарда болмайды:

  8. Пелликула:

  9. Қарапайым жәндіктерге жатпайды:

  10. Плазмаларға жататын дене пішіні өзгермейтін ағза:

  11. Пішіні тұрақсыз  

Қате туралы хабарландыру