iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
V тарау. Бодо – біржасушалы, талшықты жәндік
Бодо – талшықты ағзалар типінің өкілі. Бұл – талшықтарының жәрдемімен қозғалатын біржасушалы жәндік. Талшықты жәндіктердің бірнеше отрядтары бар.
Трипанозома
Түншырақ
Эвглена
Талшықтылардың сан алуандығы
Сендер біржасушалы өсімдік – хламидомонаданы оқып-таныстың дар. Оның құрылысын еске түсіріп көріңдерші: ол – бодо пішінді, екі талшықты, бір жасушалы балдыр. Хламидомонада өсімдікше қоректенеді, денесінде фотосинтез жүретін органоиды – жасыл түсті хроматофоры бар. Сондықтан оның түсі жасыл. Ал бодо даяр ағзалық заттарды – бактерияларды, ұсақ ағзаларды қорегіне жаратады. Бодо көмірқышқыл газ, су және минералды тұздарды синтездей алмайды. Сондықтан онда хлоропластар болмайды. Сөйтіп бұлар тірі табиғаттың екі түрлі дүниесіне жатады. Хламидомонада – өсімдіктер дүниесінің, бодо – жануарлар дүниесінің өкілі.
Бодоның мекен ету ортасы, құрылысы, қозғалуы және тіршілік әрекеті. Өте ластанған суда өзге ұсақ ағзалармен бірге, тұрқы 10–20 мкм, қарапайым жәндік – бодо да тіршілік етеді. Өте ұсақ болғандықтан, бодоны микроскоп арқылы көре аламыз. Бодоның ішкі құрылысын электронды микроскоп пен зерттейді. Оның денесін плазмалы жарғақша қаптайды. Жарғақша цитоплазманы қаптайтын икемді пелликуламен астарланады. Сондықтан бодо пішінін әр түрлі қалыпқа өзгерте алады. Дене пішінінің өзгеруіне жарғақша мен пелликуладағы тілкемшелер, талшықтар және цитоплазмадағы жиырылғыш талшықтар әсер етеді. Бодоның ядросы бар. Ядро цитоплазмадан қабықшасы арқылы бөлініп тұрады. Бодо денесінің құрылымын, өзге де түрлі жағдаяттарды ядро реттейді. Бодо цитоплазмасында денені қуатпен қамтамасыз ететін органоид – митохондрия бар. Митохондрия атауын 1897 ж неміс ғалымы Карл Бендос ұсынған.
Бодо денесінің алдыңғы жағынан бірі ұзын, бірі қысқа екі талшық көрінеді. Алға созылған талшық тез ширатылып бұралған кезде бодоның денесі өз осінен айналады. Сөйтіп талшықтар суға бұрғыша бұралып, бодоны алға тартады. Бодо талшық қимылының жәрдемімен жайлап қозғалады. Артқа қараған талшық бодоның алға қозғалуына бұлқын (руль) тәрізді бағыт береді. Талшықтар қозғалысының әсерінен судағы ұсақ ағзалар бодоның аузына қарай ағылады. Бодоның аузы талшықтар түбінде орналасады. Ауыздың төңірегінде ас қорытатын вакуоль түзіледі. Вакуольге түскен қорек асқорыту сөлінің әсерінен қорытылып, цитоплазмаға өтеді. Қорек цитоплазмада зат алмасу кезінде бодо денесін құрастыруға жұмсалады. Қорытылмай қалған қажетсіз заттар бодоның аузы арқылы сыртқа шығарылады. Қажетсіз заттардың бөлінуіне дененің алдыңғы жағындағы жиырылғыш вакуоль қатысады.
Бодо суда еріген оттегімен тыныс алады. Оттегінің денеге таралуы бодоның бүкіл денесі арқылы осмостық жолмен реттеледі. Бодо денесіндегі цитоплазма оттегінің әсеріне күрделі заттарды қарапайым заттарға ыдыратады. Соның нәтижесінде бодоның тіршілік әрекетіне қажетті энергия түзіледі.
Бодо денесінің алдыңғы жағында бір ядро болады. Қолайлы жағдай болғанда ядро бөліне бастайды. Бұл – жыныссыз көбеюдің бастамасы. Жасуша ядросында тұқым қуалау қасиетін анықтайтын хромосомалар (грекше «хромо» – түс + «сома» – дене) болады. «Хромосома» терминін 1888 ж неміс ғалымы Вильгельм Вальдейер ұсынды. Бодо жыныссыз жолмен көбейген кезде ядродағы хромосомалар саны екі еселенеді. Сөйтіп бөлінген әрбір ядрода хромосоманың бастапқы саны сақталады. Бодо жасушасы ұзынынан бойлай екіге бөлінеді. Бөліну барысында ядро және жасушадағы барлық тірі заттар жаңадан түзілетін жасушаларға тең бөлініп таралады. Бұл үрдіс күрделі бөліну – «митоз» (грекше «митос» – жіп) деп аталады. Сөйтіп күрделі бөліну – жасушалар мен біржасушалылардың маңызды қасиеті. Күрделі бөлінуде аналық жасуша мен біржасушалы ағзаның хромосома заттары пайда болатын екі жасушаларға бірдей бөлініп таралады.
-
Талшықты жануарлар өкілі:
-
Митохондрия атауын ұсынған неміс ғалымы :
- «Хромосома» терминін 1888 жылы ұсынған неміс ғалымы:
-
Талшықтылар ағза типі өкіліне жатпайды:
-
Митохондрия терминін:
-
Хромосома терминін 1888 жылы неміс ғалымы үсынды:
-
Бодо мекен ортасы:
-
Күрделі бөліну:
-
Бодо цитоплазмасында денені қуатпен қамтамасыз етеді:
-
Бодо қозғалады: