iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
II тарау. Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Жемтамырлар. Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді. Мысалы: сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан және т. б. Жемтамырлар дағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады. Жемтамырлар асханалық (қызылша, сәбіз, шомыр, тарна (брюква), ақжелкек және техникалық (қант қызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Жемтамырлы өсімдіктер екі жылдық өсімдіктерге жатады, шалғамнан (редиска) басқасы. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол жемтамырдан сабақ, гүл шығып, жеміс береді (1-сурет).
Емізік тамырлар – паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамырға айналады. Паразитті тіршілік ететін өсімдіктерде хлорофилл болмайды. Сондықтан емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады (сұңғыла, арамсояу). Емізік тамырдың өсуі паразит өсімдіктердің ерекше органикалық қышқыл бөліп шығаруынан басталады. Қышқыл – жанасқан өсімдіктің қабығын ерітеді. Паразит өсімдіктер қабығынан еніп емізік дамиды. Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші өсімдікке инеше қадалып тұрады. Бұл – паразит өсімдіктердің тіршілік ету жағдайына бейімделгендігінің айғағы.
Асқана қызылшасының жемтамыры Қант қызылшасының жемтамыры
1-сурет. Жемтамырлар.
1. Жапырақ қалдығы. 2. Қысқарған сабақ. 3. Нағыз тамыр бөлімі. Негізгі кіндік тамыр. 4. Жанама тамырлар.
Тіреу тамырлар – тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысып өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды.
Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Yлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Орхидеяның сабақта өскен (ауа) аспа тамыры Бататтың түйнек тамырлары
Баньянның қосалқы тамыры Тіреу тамырлар
2-сурет. Тамырлардың түрөзгерістері. 1. Қосалқы тамырлар.
Тынысалу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары деп те атайды, ол сабақтан дамиды. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашы, айұрық (плюш), монстера, сауыр (кипарис) және т. б.) қосалқы тамырларға жатады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея, 2-сурет) ауа тамырлары қосалқы тамырларға жатады. Ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді.
Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.
Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
-
Асханалық жемтамыр:
-
Паразитті тіршілік ететін өсімдік тамыры:
-
Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш тамыры:
- Тропиктік ормандағы ағаштарда болатын қосалқы тамыр:
- Топырақта өспей, екінші өсімдікке инеше қадалып тұратын тамыр:
-
Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өсетін өсімдік тамыры:
-
Түйнектамыр:
-
Табиғатта тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайда түрін өзгерту арқылы бейімделуін не деп атайды?
-
Жемтамырлардың жемістері қандай топқа жатады?
-
Өсімдік қыстап шығуы үшін және жыныссыз көбею үшін керек:
-
Түйнек тамырлы өсімдік