Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

II тарау. Тамыр – өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

Конспект

Өсімдіктерде қорек жасушаның қабықшасы арқылы сіңіріледі. Қоректік заттар қозғалып, сабақта, тамырда, жемісінде және т.б. мүшелерінде сақталады. Оны өсімдіктер түнде және қыста пайдаланады. Қоректік заттарды ерітінді күйінде тамыры арқылы сорады. Керексіз заттар сыртқа шығарылмай вакуольде және қабықшасына жиналады. Күзде керексіз заттар, қабық, сарғайып түскен жапырақтармен бірге кетеді. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін минералды қоректену дейді.

 

Минералды қоректену – өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Қоректік заттар тамырға өткен соң ұлпаларға таралады, онымен барлық тірі ағзалар қоректенеді. Өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін топырақта азот, фосфор, калий болуы өте қажет.

Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі.

Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікке фосфор жетіспесе, жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Ал калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек. Өсімдіктер қоректену үшін өте қарапайым заттарды пайдаланады. Қорек заттары біртіндеп жылжып, басқа мүшелеріне өтеді. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға жабын, өткізгіш, қоректік, ал мүшелерге тамыр жатады.

 

Топырақта өсімдікке қажетті минералды тұздар ылғи бірқалыпты жеткілікті мөлшерде сақталмайды. Оның бірнеше себептері бар. Олар:

1. Орманда өсетін ағаштарды жыл сайын кесіп, азайту өте зиян. Өйткені жылда ағаштардан сынып түсетін бұтақтар, жапырақтар, жемістердің қалдықтары, топырақты минералды тұздармен байытады.

2. Орып жинау кезінде өсімдіктердің сабақтары, дәндерімен топырақтан сіңіріп алған қоректік заттары бірге кетеді. Топыраққа керекті элементтердің мөлшері азайғандықтан өсімдіктерге тыңайтқыштар беріп, үстеп қоректендіреді.

 

Тыңайтқыштар

Табиғатта әртүрлі жағдайлардың әсерінен топырақтың құрамы ұдайы өзгеріп отырады. Өсімдіктердің тіршілігі үшін су, минералды тұздар және ауа қажет. Сондықтан топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар шашады.

Тыңайтқыштар органикалық және минералды болып 2 топқа бөлінеді.

1. Органикалық тыңайтқыштарға қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы жатады. Микроорганизмдер қиды әбден шіріткен соң ғана өсімдіктер оңай сіңіреді. Қиды топыраққа күзде шашса, келесі көктемге дейін шіріп үлгереді. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары шіріп, қарашірік түзеді. Қарашірік топырақтың үстіңгі қабатында болады. Қарашірігі мол топырақта өсімдіктер жақсы өседі.

2. Минералды тыңайтқыштарға азот, фосфор, калий (күл) жатады. Тыңайтқыштарды белгілі мерзімде, өсімдіктердің өсуі мен дамуының әр кезеңінде шашады.



Сұрақтар
  1. Өсімдікте қорек

  2. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін

  3. Минералды қоректену 

  4. Өсімдіктердің жақсы өсуі үшін

  5. Өсімдікке азот жетіспесе

  6. Өсімдікке фосфор жетіспесе

  7. Өсімдікке калий жетіспесе

  8. Тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін

  9. Өсімдік тіршілігі үшін

  10. Минералды тыңайтқыштар

  11. Тыңайтқыш

Қате туралы хабарландыру