iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ІІІ тарау. Өсімдік жасушаларындағы пластикалы және энергетикалық алмасулардың ерекшеліктері. Фотосинтез
Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттегімен байытады. күн энергиясының қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез дейді. Фотосинтез дегеніміз - жасыл жапырақ хлоропластары арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотоинтез процесі өсімдік жасушасының құрамындағы хлоропластарда жүреді. Онда өсімдікке жасыл түс беретін хлорофил пигменті көк және қызыл сәулелерді сіңіріп, жасылды шағылыстыратындықтан жасыл түсті береді.
Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары
Хлоропласт - қос мембраналы органоид. Ол сыртқы және ішкі мембранадан тұрады. Ішкі мембранада жалпақ тақташалар болады, оны тилакоид деп атайды. Осы тилакоидтың жиынтығын граналар дер атайды. Граналарда фотосинтез процесіне қатысты барлық құрылымдар орналасқан.
Фотосинтездің ашылу тарихы 1630 жылдан басталады. Фотосинтез дегеніміз - жасыл жапырақ хлоропластары арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотоинтез процесі өсімдік жасушасының құрамындағы хлоропластарда жүреді. Онда өсімдікке жасыл түс беретін хлорофил пигменті көк және қызыл сәулелерді сіңіріп, жасылды шағылыстыратындықтан жасыл түсті береді.
Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған атақты орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843-1920). Фотосинтездің жарықта және қараңғыда жүретін екі фазасы болады. Жарық фазасында күн сәулесі энергиясының көмегімен күрделі механизмді реакциялар жүреді. Оларға: АТФ-синтезі, НАДФ ∙ Н-тың түзілуі және су фотолизі жатады.
Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі. Фотосинтез
1939 жылы Роберт Хилл су фотолизі реакциясының әсерінен оттектің молекула түрінде атмосфераға бөлініп шығатындығын алғаш рет дәлелдеді. Сондықтан бұл процесті Хилл реакциясы деп атайды. Жарық фазасында күн сәулесі энергиясының көмегімен күрделі механизмді реакциялар жүреді. Оларға: АТФ-синтезі, НАДФ ∙ Н-тың түзілуі және су фотолизі жатады.
- Фотосинтез:
- Қос мембраналы органоид:
- Фотосинтездің ашылу тарихы басталған уақытты көрсет:
- Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалымды ата:
- 1939 жылы су фотолизі реакциясының әсерінен оттектің молекула түрінде атмосфераға бөлініп шығатындығын алғаш рет дәлелдеген ғалым:
- Хлоропласт пен жасушаның цитоплазмасынан бөлінетін қабықша:
-
Күн сәулесі энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтін организмдер тобы?
-
АТФ молекуласы синтезделуінің жолы АДФ + ФН АТФ реакциясы қалай аталады?
-
Фотосинтез процесі хлоропластың қай құрылымында жүреді?
-
Энергиясы мол дайын қоректік заттарды тікелей қабылдайтын организмдер?