iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ІІІ тарау. Фотосинтездің қараңғы фазасында жүретін реакциялар. Хемосинтез
Фотосинтездің қараңғы фазасында негізгі рөлді СО2 атқарады. АТФ, НАДФ ∙ Н энергиясын пайдаланып, моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер синтезделеді. Бұл органикалық заттардың синтезіне жарық энергиясы қолданылмайтындықтан, фотосинтездің қараңғы фазасы деп аталады.
Хемосинтез процесін 1887 жылы орыс ғалымы С.Н. Виноградский ашқан. Ол күн сәулесі қатыспаса да, көмірқышқыл газын ассимиляциялайтын хемосинтездеуші микроорганизмдерді тапқан.
Сергей Николаевич Виноградский (1856-1953)
Қараңғы фазада бес көміртекті көмірсу реакцияның бастапқы заты ретінде қатысып, нәтижесінде үш көміртекті қосылыс түзіліп отырады, оны циклі немесе Калвин циклі деп атайды. Бұл циклді ашқаны үшін 1961 жылы америкалық биохимик М. Калвинге Нобель сыйлығы берілді.
Ме́лвин Э́ллис Ка́лвин (англ. Melvin Ellis Calvin; 8 апреля 1911, Сент-Пол, Миннесота, США — 8 января 1997, Беркли, Калифорния, США) — американский биохимик, член Национальной академии наук в Вашингтоне. Иностранный член Лондонского королевского общества, почётный член многих зарубежных академий наук и обществ. Лауреат Нобелевской премии.
Фотосинтездің II сатысы жарық квантын қажет етпегендіктен, фотосинтездің қараңғы сатысы деп аталған. Бұл сатыда көмірсулардың түзілуі үшін АТФ энергиясы жұмсалатындықтан, бұл процесс қараңғы фаза деп аталады. Бірақ бұл процесс күндіз де түнде де жүре береді.
- Фотосинтездің қараңғы фазасында негізгі рөлді атқарады:
- Хемосинтезді ашқан ғалым:
- Фотосинтездің қараңғы фазасында көміртекті тұту түзілмейтін циклді ашқаны үшін 1961 жылы Нобель сыйлығын алған америкалық биохимикті ата:
- Көмірсулардың түзілуі үшін АТФ энергиясы жұмсалатындықтан, бұл процесс:
- Хемосинтез процесін 1887 жылы ашқан орыс ғалымын ата:
-
Көмірсудың түзілуіне АТФ энергиясы жұмсалатын процесс қалай аталады?
-
Хемосинтездердің ең маңызды бактериялары?
-
Аммиактың азот қышқылына дейін тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдаланатын бактериялар тобы?
-
Химиялық реакциялардың тотығуы кезіндегі энергияны пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеу реакциясы?
-
Қараңғы фазада бес көміртекті көмірсу (С5) бастапқы зат ретінде қатысып, нәтижесінде не түзіледі?