iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ІІІ тарау. Пластикалық алмасу. Нәруыздың рибосомада синтезделуі. Транскрипция. Нәруыз синтезі тіршіліктің негізгі көзі
ДНҚ әр түрге тән қасиеттер мен ата-анадын берілген ақпараттарды өзінде сақтай отырып, оларды келесі ұрпақтарға нәруыздың биосинтезі арқылы береді. Ақуыздар қандай да болмасын тірі ағзаның қажетті компоненті. Ағзаның тіршілігіне қажетті зат алмасу, даму, өсу, қозғалу сияқты маңызды үрдістерді ақуыздардың қатысуымен жүретін биохимиялық реакциялар қамтамасыз етеді. Сондықтан да клеткаларда үздіксіз фермент-ақуыздар, гормон-ақуыздар, жиырылғыш ақуыздар, қорғаныш ақуыздар сияқты ақуыздар синтезделініп тұрады.
Генетикалық кодтың рөлін нуклеотидтер атқарады. Бұл нуклеотидтер үш-үштен үйлесімдік жасағанда, оның саны 64 болады. Ол 20 амин қышқылын кодтауға артығымен жетеді.
Генетикалық кодқа бірқатар маңызды қасиеттер тән. Ол триплетті: үш нуклеотид полипептидті тізбекке бір амин қышқылының қосылуын қамтамасыз етеді. Көпшілік амин қышқылдары бірнеше триплетпен кодталынады. Бір амин қышқылы әртүрлі триплеттермен кодталынады, дегенмен олардың бірінші екі нуклеотидтері әрқашанда бірдей болады.
Нуклеотидтерің комплементарлық принципіне сай ДНҚ-дан ақпараттық РНҚ “тіліне” аударылып жазылу принципін транскрипция деп атайды. Транскрипция процесі жасушаның ядросында жүзеге асырылады, яғни информосомада жазылады. Информосома − синтезделуге тиісті нәруыз молекуласының құрылымы туралы ақпарат жазылған денешік. Информосоманы қазақ ғалымы, академик М.Ә. Айтхожин ашқан.
Ядрода транскрипция процесінің негізінде аРНҚ молекуласы синтезделеді. Мұның негізінде трансляция процесі жүзеге асады. Транскрипция дегеніміз клетканың ішінде тұқым қуалаушылық ақпаратын тарату үрдісі кезінде ДНҚ-ның матрицасында жүретін РНҚ-ның биосинтезі.
Транскрипция процесі жасушаның ядросында жүзеге асырылады, яғни информосомада жазылады. Информосоманы қазақ ғалымы, академик М.Ә. Айтхожин ашқан. Информосома − синтезделуге тиісті нәруыз молекуласының құрылымы туралы ақпарат жазылған денешік.
Айтхожин Мурат Абенович (1939-1987)
Биосинтез реакциясына ДНҚ, РНҚ-ның үш түрі, сонымен қатар амин қышқылдары, ферменттер мен рибосомалар қатысады. Нәруыз биосинтезіне АТФ энергиясы жұмсалады.
1961 жылы француз ғалымдары Ф. Жакоб, А. Львов және Ж. Моно бактерия жасушасында жүретін нәруыз биосинтезінің реттелуін тәжірибе жүзінде анықтады. Тіршілік − материя қозғалысының ерекше күрделі формасы, оның негізі зат алмасуға келіп тіреледі. Зат алмасу нәруыздар мен нуклеин қышқылдарына тікелей байланысты.
А.М.Лвовь. Француз генетигі және вирусологі. Бактерия жасушасында жүретін нәруыз биосинтезінің реттелі механизмін ашты. Нобель сыйлығының лауреаты.
Жак Люсьен Моно.Француз биохимигі және микробиологі. Нәруыз биосинтезінің механизмін дәлелдеген. Нобель сыйлығының лауреаты.
Франсуа Жакоб.Француз микробиологі.Бактерия жасушасында жүретін нәруыз биосинтезінің реттелуін тәжірибе жүзінде анықтады. Нобель сыйлығының лауреаты.
- ДНҚ әр түрге тән қасиеттер мен ата-ананың берілген ақпараттарды өзінде сақтай отырып, оларды келесі ұрпақтарға ... береді:
- Генетикалық кодтың рөлін атқарады:
- Нуклеотидтерің комплементарлық принципіне сай ДНҚ-дан ақпараттық РНҚ “тіліне” аударылып жазылу принципі:
- Информосоманы ашқан академикті ата:
- 1961 жылы бактерия жасушасында жүретін нәруыз биосинтезінің реттелуін тәжірибе жүзінде анықтаған ғалымдарды ата:
-
Транкрипция процесі жасушаның қай бөлігінде жүзеге асырылады?
-
ДНҚ молекуласындағы жасушаға қажетті әр түрлі нәруыздардың құрылымын анықтайтын тұқым қуалайтын ақпарат?
-
Синтезделуге тиісті нәруыз молекуласының құрылымы туралы ақпарат жазылған денешік?
-
1839 жылы нәруызды «протеин» деп атауды ұсынды?
-
.«Тіршілік дегеніміз – нәруызды денелердің өмір сүру тәсілі...» -деп айтқан ғалым?
-
1961 ж. бактерия жасушасында жүретін нәруыз биосинтезін тәжірбие жүзінде анықтады
-
Лизин аминқышқылының генетикалық код (-тары)
-
Тирозин аминқышқылының генетикалық коды (-тары)
-
Глутамин аминқышқылының генетикалық коды (-тары)
-
Белок биосинтезі жүретін саты (-лар)
-
Триптофан аминқышқылының генетикалық коды (-тары)
-
УЦЦ, УЦГ генетикалық кодтары мына аминқышқылдардың триплеті
-
Изолейцин аминқышқылының генетикалық коды (-тары)
-
АГУ, АУГ триплеті кодтайтын аминқышқыл (-дар)
-
УУУ, УГГ триплеті кодтайтын аминқышқыл (-дар)
-
Нәруыз биосинтезінің көшіріліп аударылу сатысы (-лары)
-
Нәруыз биосинтезі жүретін органоид
-
Фенилаланин аминқышқылының триплетті генетикалық коды