Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІІ тарау. Жасушадағы энергетикалық алмасу

Конспект

Тыныс алу туралы ілімнің негізін орыс ғалымы М.В.Ломоносов және А.Л.Лавуазье қалады. Олар: «Жану дегеніміз-жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы» деген болатын. Сондықтан заттардың оттекпен қосылуы – тотығу, ал ыдырауы – тотықсыздану деп аталады.

М.В.Ломоносов

Лавуазье Антуан Лоран

 

Энергия тыныс алу және жану кезінде бөлінеді. Жану реакциясы табиғатта жүрсе, ал тыныс алу реакциясы − жасушадағы митохондрияда жүреді. Жасушаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия АТФ молекуласы түрінде жинақталады. Тірі организмдердің ерекше қасиеті - олар зат алмасуға (метаболизмге) және көптеген әр түрлі химиялық реакцияларға қатысуға қабілетті болады. Сыртқы ортамен үнемі зат алмасып отыру - тірі жүйелердің негізгі қасиеттерінің бірі. Жасушаларда биологиялық синтез және ыдырау процестері үздіксіз жүріп отырады.

 

Гликолиз (грек, glykys- тәтті, lysis -еру) - адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі. Жануарлар организміндегі гликолиздің соңғы өнімі-сүт қышқылы. Гликолиз нәтижесінде бөлінген қуат (энергия) организмнің тіршілігі үшін пайдаланылады. Гликолиз организмдегі тыныс алу және ашу процестерімен тікелей байланысты.

 

Энергетикалық тиімділігі жағынан бірдей бола тұрса да, органикалық заттардың жану процесі мен тыныс алудың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Жану процесі жоғары температурада жүрсе, жасушаның тыныс алуы организмнің қалыпты температурасында (36,5-37°С) жүреді. Сулы ортада жану процесі жүрмейді, ал биологиялық тотығуға су өте қажет.

 

Жануарлар организміндегі гликолиздің соңғы өнімі - сүт қышқылы. Гликолиз - адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі. Гликолиз нәтижесінде бөлінген қуат (энергия) организмнің тіршілігі үшін пайдаланылады. Гликолиз организмдегі тыныс алу және ашу процестерімен тікелей байланысты.

 

Митохондрияның сыртқы мембранасы оң зарядты бөлшектер, ал ішкі жағына теріс зарядты бөлшектер − аниондар жинақталады. Зарядталған бөлшектердің жинақталатын орны қойма деп аталады. Электрондар қоймаларға тасымалдаушы молекулалар арқылы жеткізіледі.

 

Тасымалдаушы молекулалардың қызметтерін НАД ∙ Н, ФАД ∙ атқарады.



Сұрақтар
  1. «Жану дегеніміз - жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы» деген сөздің авторларын ата.
  2. Энергия қай кезде  бөлінетінін ата.
  3. Адам  мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттексіз ортада көмірсулардың ыдырау процесі қалай аталады.
  4. Жану процесі жүреді.
  5. Жануарлар организміндегі гликолиздің соңғы өнімі-
  6. Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалаған ғалымдар?

  7. Ферменттердің қатысымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауы?

  8. Гликолиздің дайындық кезеңі жасушаның қай бөлігінде жүреді?

  9. Гликолиздің анаэробты ыдырауы қайда жүзеге асады?

  10. Гликолиздің дайындық кезеңінде мына процестердің қайсысы жүреді?

  11. АТФ молекуласы тұрады

  12. Гликолиздің аэробты ыдырауы

  13. Энергетикалық алмасудың нәтижесінде бөлініп шыққан АТФ-тің құрамындағы үш фосфор қышқылының қалдығы гидролизденгенде бөлініп шығатын энергия

  14. Гликолиздің аэробты ыдырауы

  15. Гликолиздің оттексіз кезеңі

  16. Гликолиздің оттекті ыдырауы  

  17. АТФ молекуласы гликолиздің қай кезеңінде (-дерінде) синтезделеді?

  18. Гликолиздің анаэробты кезеңі

  19. Эукариоттар мен көптеген прокариоттар (бактериялар) АТФ молекуласын синтездеуге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады. Осы процестің сатылары

  20. Гликолиз процесі кезінде бөлінген энергияның қанша пайызын потенциалды (еркін) және жылу энергиясы құрайды?

Қате туралы хабарландыру