iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ІІІ тарау. Жасушадағы зат алмасу
Зат алмасу процесі дегеніміз − тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Метаболизм екіге бөлінеді: катаболизм және анаболизм. Катаболизм процесі кезінде энергиясы мол органикалық заттар ферменттердің көмегімен мономерлерге ыдырап, энергия бөлінеді. Анаболизм процесі кезінде энергиясы аз қарапайым заттардан макромолекулалар синтезделеді.
Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта сыртқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екіге бөлінеді: катаболизм және анаболизм. Катаболизм процесі кезінде энергиясы мол органикалық заттар ферменттердің көмегімен мономерлерге ыдырап, энергия бөлінеді. Анаболизм процесі кезінде энергиясы аз қарапайым заттардан макромолекулалар синтезделеді.
Зат алмасу процесі дегеніміз − тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі жасушадағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Орыстың ұлы физиологы И.М.Сеченов: «Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды» деген болатын.
Иван Михайлович Сеченов
Анабализм - организмнің тіршілігін жойғанға дейінгі үздіксіз жүретін процес. Анаболизм (ассимиляция) - тірі ағзадағы жасушалар мен тіндердің құрылымдық бөліктерін түзуге және жаңартуға бағытталған химиялық процестердің жиынтығы, жасушалардың қоректік заттарды сіңіруге бағытталған процессі. Соның нәтижесінде ағза денесі қалыптасады. Анаболизм организмнің қоршаған ортадан келетін заттарды сіңіріп, қоршаған орта мен организм арасындағы зат алмасуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде қарапайым молекулалардан клетка құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар құралады.
Қоректік заттардың асқорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып ыдырауы катабализм деп аталады. Катаболизм (грекше katabole – сыртқа шығару, ыдырау), биологияда – организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау.
- Тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы.
- Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта сыртқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін ата:
- «Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды» деген ғалымды ата.
- Организмнің тіршілігін жойғанға дейінгі үздіксіз жүретін процессті ата.
- Қоректік зат асқорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып ыдырауы ... деп аталады.
-
Ыдыраудың нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қаға сіңіріліп, организмдегі жасушаларға таралуы зат алмасудың:
-
СО2, Н2 О, NH3 және т.б. заттар организмнен шығарылуы зат алмасудың:
-
Зат алмасу қандай сатыдан тұрады?
-
Катаболиз кезінде бөлінген энергияның бір бөлігі – еркін энергия, екінші бөлігі:
-
Пайдалы жұмысқа жарамайтын энергия сипатталатын өлшем:
-
Пластикалық алмасу