
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Философия негіздері
Философия ілімі б.з.б. VII–V ғасырларда Үндістан, Қытай, Ежелгі Грекияда қоғамның дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңде рулық тайпадан құл иеленушілікке өту аяқталып, ерте таптық қоғам құрыла бастайды, ал жеке өмірде мифтен логосқа өту кезеңі басталады. Осы уақытта білімнің жаңа түрі – философиялық ойлауда қоғамдық қатынастар өзгеріп, жүйелеу мен жалпылауға, рационалды түсінікке және философиялық ойлау жайлы жаңа білімге талап қойыла бастады.
Бұған дейін дүниетанымдық мәселелер мифологиялық, діни ауқымда көтеріліп, өз шешімін тапқан болатын. Философия ілімі пайда болғаннан кейін адамдар дүние туралы жалпы және жүйелі пікір қалыптастырып, рационалды ойлау қабілетіне жүгіне бастады. Ақыл ойлаудың жоғары деңгейі болып есептелініп, шындықты анықтауға талпынды.
«Философия» ұғымы «даналыққа деген сүйіспеншілік» (грекше «филео» – сүйемін, «софия» – даналық), яғни даналықты сүю деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ежелгі Грекияда өмір сүрген, антикалық математик және философ Пифагор енгізген болатын. Ол жоғары даналыққа және дұрыс өмір салтына ұмтылғандарды «философтар» деп атап, оларды шындықты иеленушілер емес, тек «даналықты сүюшілер» деп ерекшелеген. «Шынайы білім тек «Құдайға» ғана тән, шынымен сөзбен айтылатын ең ақылды да сол. Адамдардың бәрі даналықты жақсы көреді және оған ұмтылады, бірақ қанша ұмтылса да оны толығымен игере алмайды» деген пікір айтқан.
Даналыққа деген сүйішпеншілік болмыс, табиғат және адамның тууы мен қалыптасуы, саналы қоғамның құрылымы туралы ойды тудырды. Философия адамның жоғары ойлау деңгейінің оның адами құндылықтарымен бірігуіне ықпал етеді. Философия тарихында бұл термин үш мағынада қолданылды. Олар «көне антикалық», «дәстүрлік» және «қазіргі».
№ | Түрі | Өкілі | Мәні |
---|---|---|---|
1 | Көне антикалық | Аристотель, Гераклит және т.б. |
Құдайға сену, яғни білімнің ғылыми жиынтықтарының тарихи бөлімдермен байланысы |
2 |
Дәстүрлік |
Томос, Лютер және т.б. |
Теориялық жаратылыстанудың пайда болуы, философиялық ойлау кезеңінен өтуі |
3 |
Дәстүрлік |
Кант, Гегель және т.б. |
Жеке ғылымдардан түпкілікті ажыратылуы |
Философия – бұл тек ғылым емес, сондай-ақ қоғамдық сананың формасы, дүниетанымның теориялық негізі. Оның негізгі қарастыратын мәселесі – санада пайда болған дүние мен сананың қатынасы. Бұл екі мәселенің қыры бар:
1) онтологиялық, яғни материя мен сана бірінші;
2) гносеологиялық.
Біз бұл әлемді тани аламыз ба? Бұл сұраққа жауап беретін материалистер мен идеялистердің ойы бір жерден шықпайды. Осыған байланысты оларды оптимистер, скептиктер немесе агностиктер деп бөлеміз.
Философия тарихы дегеніміздің өзі материалистер мен идеалистер арасындағы тартыс. Шындығында бұл тартыс әрқашан шынайы болмаған. Сонымен қатар материализм мен идеализм арасындағы қайшылық абсолютті емес. Екі бағытта да философиялық ойлаудың даму процесінің бір-бірімен байланысатын өзегі болды. Бірақ ежелгі грек философы Парменид ойлау мен болмыс мәселелерін қарастырып, Аристотельдің куәгерлігімен қозғалыс пен дамуды жоққа шығарды. Ол «болмаған нәрседен ештеңе болмайды, болмаған нәрсе біреу ғана, басқа ештеңе жоқ» деген тұжырым айтады. Оның материализмі болмыстың қозғалмауы мен өзгермеуінен тұрады.
Платон екі типтегі философты атаған. Олардың бірі аспаннан және көрінбейтін саладан жерге қарайды, дене мен болмысты бір нәрсе деп таниды, ал басқалары шындық болмысты әлдебір ақылға сиятын және денесіз идеяларға алып келеді. Философия пәнінің қайнар көзі – жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның дүние мен адам арасындағы қатынас жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, «homo sariens»-тің (саналы адам) дүниені біртұтас әлем ретінде қабылдап, сол әлемде өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлары мен сезім тебіреністерін тудырады. Философия пәні дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды.
Философиялық ілімдердің өзара байланысы
№ |
Философиялық ілім | Шығу тегі (грек сөзі) |
Зерттеу нысаны |
---|---|---|---|
1 | Метафизикалық онтология ілімі |
«Ontos» – барлық, болу «logjs» – ілім, болмыс |
«Дүниенің негізінде не жатыр?», «Ол шексіз бе?», «Адамзат не үшін жаралған?» және т.б. сұрақтар |
2 | Гносеологиялық ілім | «Gnosis» – тану, білу |
«Біз кімбіз? «Ақиқат пен шындық деген не?», «Дүниедегі орнымыз қандай?» және т.б. сұрақтар |
3 | Аксиологиялық ілім | «Oksioma» – ақиқат, шындық |
«Адам өмірінің мән неде?», «Құндылық жақтарын сараптау» және т.б. сұрақтар |
4 | Праксеологиялық ілім | «Prakticos» – белсенді, іс-әрекетшіл |
«Адамның қоғаммен және табиғатпен әрекеті» және т.б. сұрақтар |
Философиялық ойлау орталығы сыртқы күштер қызметі, адам туралы көріністі анағұрлым терең зерттеп, оның мәдениеті мен қатынастары, өзіндік әрекеттерінің шешімдері, оның қабілетінің өзгеруі секілді әрекеттердің тиімділігінің артуын қарастырады. Мұндай субъектіні талдауда басты назар адам қабілетіне, яғни шешім қабылдауға, ойын жинақтауға, мәселені шешу құрылымын дамытуға аударылады.
Қоғам туралы ғылым тарихында көріністің, құрылымдардың дамуы таным мен қоғамдық процестерді түсіндіру үшін қызмет етті. Қоғам адамнан тыс ақиқат сияқты өктемшілік еткен жағдайда ол адамның бейімделуіне деген қажеттілік түрінде әсер етеді. Бұл адамға қарсы тұратын өзіндік толымды ақиқат дегенді көрсетеді. Бірақ қоғамдағы сәйкестіктен шығатын көріністі бұзып, жекенің танымы ақырындап өседі.
Философиялық ойлаудың қызметі адам, ол қоғам дамуының әр кезеңінде мәселені дәл қарастыруға алып келеді. Философиялық ойлау қоғамның диологтік ұйымдастыруын, демократияның ұйымдасқан формаларын білдіреді. Ол қоғамдағы барлық маңызды шешімдерді саяси институттардың қызметіне айналдырады.
-
Антика философиясын өркендеткен философтар
-
«Философия» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда нені білдіреді?
-
«Философия» сөзін бірінші болып қолданған
-
Шығыста философияның қарқынды дамуы басталған уақыт
-
«Махабхарата», «Рамаяна» эпикалық дастандары қайда қалыптасты?
-
«Будда» сөзінің мағынасы нені
-
Йога мектебінің негізін қалаған кемеңгер
-
Қытай философы Лао-цзы негізін салды
-
Антика философиясы пайда болған кезең
-
Б.з.д. V–IV ғасырда антика философиясы қандай кезеңнен өтті?
-
Гераклит барлық бастамалардың басы деп нені есептеді?
-
Қытай философиясының негізгі мектептеріне мыналар жатады
-
Ежелгі замандағы Қытай философиясына тән белгілер
-
Ежелгі үнді философиясына тән белгілер
-
Рим философтары
-
Милет мектебінің философтары
-
Алғашқы бастаманы атоммен түсіндірген ғалымдар
-
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттік құрылыстың дұрыс формалары
-
Аристотельдің пайымдауынша, мемлекеттік құрылыстың қате формалары
-
Барлық бастаманың басы су деп санаған философ
-
Барлық бастаманы санмен түсіндірген
-
Даосизм ілімінің негізін салушы
-
Инь және Янь туралы ілімнің жақтастары қай мектепке жатады?
-
Б.з.д. IV ғ. екінші жартысы – б.з.д. I ғ. антика философиясы қандай күйде болды?
-
I–IV ғғ. антика философиясы
-
Анаксимен барлық бастаманың басы деп нені қарастырды?
-
Барлық бастаманың басы жер деген философ
-
Барлық бастаманы идеялармен түсіндірген ежелгі грек философы
-
О. Конт пен Э. Дюркгейм қай елдің өкілдері?
-
Ағылышын философы Т. Гоббстың еңбектері