
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Әлеуметтік қатынастар
Қоғам – ол әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік жүйелер мен бірлестіктерді анықтауға қолданылатын ұғым. Оны күрделі жүйе деп айта аламыз. Адамдар, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік институттар және ұйымдар осы жүйені құрайды. Қоғамның күрделі құрылымы оның беріктігін қалыптастырады, тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қауымдасудың төрт деңгейінің біріне қоғамның әлеуметтік құрылымы кіреді және оның дамуы әлеуметтанудың арқаулы негізгі мәселелеріне жатады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзара теңсіз әлеуметтік субъектілерден құралады. Қоғамның азды-көпті тұрақты бөлшектер жиынтығына бөліну үдерісін әлеуметтік жіктелу деп атайды. Қоғамның түрлі әлеуметтік қауымдасуларға, таптар мен топтарға жіктелуі неліктен болады деген сұрақ ғалымды да, қарапайым адамды да үнемі ойландырған. Қоғамның әлеуметтік құрылымын талдау мен ойдан өткізу келесі жағдайларды анықтауды талап етеді: әлеуметтік құрылым түсінігін айқындау, оның қандай маңызды бөлшектері мен белгілері болатынын көрсету, әлеуметтік құрылымның даму барысын ашып беру.
Әлеуметтанудың негізін қалаушылар қоғамды қарастырғанда құрылымдық талдауды қолданады. Г. Спенсер «Социология қағидаларында» биологияда қарастырылған «құрылым» және «функция» ұғымдарын өзінің теориясында пайдаланады. «Құрылым» түсінігі организм мен оның бөлшектерінің араларындағы біршама тұрақты қатынастардың орнығуын білдіреді, ал «функция» организмнің тіршілік әрекеті барысында оның әртүрлі бөлшектерінің өзара әрекеттесуінің сипатын көрсетеді.
Сонымен қоғамның әлеуметтік құрылымы қоғамның анатомиясы іспеттес, оның объективті себептермен жіктелуін, үлкен мен кіші топтарға және адамдар қауымына бөлінуін көрсетеді. Бұлардың бәрі қоғамдық қатынастар жүйесінде бір-бірінен өздерінің жағдайы жағынан ажыратылады. Ал әлеуметтік жүйенің міндетті қызметінің орындалуын ашып беру, ол оның физиологиялық тіршілігін білумен тең. Демек, әлеуметтік құрылым қоғамның сапалық қасиеттерін айқындайды, оның сандық өзгерістерінің қорлануы сапалы өзгерістерге әкеледі. Нәтижесінде әлеуметтік құрылым өзара байланысты бөлшектердің – топтар мен институттардың қажетті тұрақтылығын қамтасыз етеді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын қарапайым анықтау оны жүріс-тұрыстың қайталанатын, тұрақты үлгісі ретінде көрсетеді. Әлеуметтік құрылым түсінігі екі жақта қарастырылады: 1. Кең мағынада – қоғамның құрылымығын тұтас алғанда, оның барлық негізгі бөлшектерінің арасындағы байланыстар жүйесін атайды. Нақтылап айтқанда, әлеуметтік құрылым әртүрлі әлеуметтік қауымдасулар мен олардың араларындағы қатынастарды – әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық қатынастарды сипаттайды. 2. Тар мағынада – әлеуметтік-таптық, әлеуметтік түрлі жіктерді құратын топтар мен олардың араларындағы байланыстары, өзара әрекеттері мен қатынастары қарастырылады.
Әлеуметтік құрылымды әртүрлі социологиялық мектептердің өкілдерінің зерттеулері нәтижесінле оның екі ыңғайы қалыптасқан болатын. Батыс Еуропада структуралистік ыңғай басым болған болатын. Оны қалыптастырушылар әртүрлі құрылымның орындайтын міндетті қызметтерін анықтауды көздеді. Бұл бағытты дамытқан Э. Дюркгейм, Б. Малиновский, А. Рэдклифф-Браун және т.б. болды. Дюркгейм бойынша қоғамның құрылымы жекеліктен тыс «әлеуметтік деректер» қалыптастыратын қозғалмалы және заттық құрылыс түрінде көрсетілген болатын. Деректердің ең тұрақтысы «морфологиялық деректер», ол материалдық бейнеленетін мәдениеттің іздері: жолдар, жер көріністері, тұрғындардың топтасуы. Маңызды «әлеуметтік деректерге» әртүрлі әлеуметтік институттар жатады: тіл, заңдар, әдет-ғұрыптар және т.б. мәдени құбылыстар. Оның үстіне сән, көпшіліктің жүріс-тұрысы сияқты «әлеуметтік деректер» қосылады. Дюркгейм морфологиялық деректерді құбылысты тудырушы себеп деп қарастырады. Әлеуметтік құбылыстың функциясын түсіндіру, қоғамның қай талабына сай келетінін ашып көрсетеді. Дюркгейм функционалды түсіндірмені негізгі деп есептеген. Рэдклифф-Браун әлеуметтік жүйе бөлшектерінің функционалды бірлігін қарастырды. Кез келген құбылыстың атқаратын міндетті қызметі бүкіл жүйені салауатты күйде сақтауға бағытталады. Жалпы әлеуметтік антропология мектебінің жетекшілері назарын көбірек аударған мәселе ол қауымдастық аясындағы нақты институттың иеленетін функциясын зерттеу болған. Бірақ структурализм себептік тетіктерге көңіл бөлуі жеткіліксіз болып, тек қана әлеуметтік құрылымдар орнықты күйде сақталу үшін әрекет ететінін көрсетеді деп есептеледі.
Т. Парсонс құрылым мен функция арақатынасы мәселесін басқа тұрғыдан алып қарайды. Ол әлеуметтік жүйенің келесі теориялық үлгісін құрды. Кең өріс алған әлеуметтік өзара әрекеттер әлеуметтік қатынастар торын тудырады. Функционалдық ыңғайдың дәлелі бойынша, қоғамның қалыпты қызметін атқаруы оның бөлшектерінің өзара тәуелділігінің нығаюына және жекеліктердің жүріс-тұрысын саналы бақылауының өсуіне, тетіктері мен құрылымдары әлеуметтік жүйенің орнықтылығын қамтамасыз етуіне байланысты. Қоғам өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде өзінің құрылымдық жүйесін қамтамасыз ете алмаса және осы кезде оны шайқалтатын және бұзатын әрекеттер дисфункция деп аталады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының мәнін түсінуге тырысар болсақ, оны өзара байланысты және өзара әрекет етуші, бір-біріне қатысты реттелген әлеуметтік қауымдасулар, жіктер мен топтардың және олардың өзара қатынастарының жиынтығы деп анықтауға болады. Кез келген қоғамның әлеуметтік құрылымы қауымдасулардың, топтардың белгілі орнымен сипатталады. Біріншіден, олар қоғамның әлеуметтік теңсіздіктер жүйесінде, халықтың жіктелу сатысында негізгі белгілері: билік, негізгі өндіріс құралдарына меншік, табыс, білім, мамандық, біліктілік, арқылы әртүрлі орын алады. Екіншіден, олар бір-бірімен саяси, экономикалық және мәдени қатынастармен байланыстырылады, қоғамның барлық әлеуметтік институттарының міндетті қызмет істеуінің субъектілері болып саналады.
Біз білетін тарихта әлеуметтік теңсіздік пен топтарға жіктелу болмаған қоғамдар белгісіз. Қоғамда адамдар, партиялар, таптар мен топтар араларында билік, құқық, мүмкіндіктер, артықшылықтарды иелену үшін үнемі бітпейтін күрес жүреді. Теңсіздік – қоғамның ажырамас қасиеті, яғни пайдалы қызметтің жүгін көтереді десек те болады. Қоғам үнемі теңсіздік тудырып отырады, өйткені өмірін, тіршілігін қамтамассыз етуші, дамытушы көзі ретінде оған мұқтаждығы бар. Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік және бірыңғай әлеуметтік өмірдің түрлі буындарында көрінеді: отбасында, мекемеде, өнеркәсіпте, үлкен мен кіші әлеуметтік топтарда. Олар әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың қажетті шарты болып саналады. Жанұяда ата-ана балалардың осы арқылы әлеуметтенуін жеңілдетеді. Қандай мекемеде болмасын басқарушылар мен бағынушылар еңбегі бөлінуінің негізінде міндетті қызметтер тиімді атқарылады.
-
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша ерлер мен әйелдер үшін неке жасы
-
Қазақстан үшін автохтонды ұлт
-
Пассионарлық теориясының авторы
-
Ішкі мәртебелер сатысы, басқару жүйесі, айқын еңбек бөлінісі, тәртіпті нормативтік реттеу және әлеуметтік бақылау жүйесі бар әлеуметтік топ қалай аталады?
-
Қоғамды құрушы элементтері, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар тұрғысынан сипаттталатын ұғым қалай аталады?
-
Басқару негізінде адамдардың әлеуметтік іс-әрекетттерін ұйымдастыруға және оған бағыт-бағдар беруге арналған қоғамдық құрылыс қалай аталады?
-
Этнос феномені мен оның авторы арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:
1. «Халық рухы». 2. «Нәсіл темпераменті». 3. «Ұлттық идея».
А. Л. Вольтман; Б.Э. Ренан; В.Ш. Монтескье.
-
Формалды әлеуметтік институттар
-
Бейформал әлеуметтік институттар
-
Ұйым мына қасиеттерімен сипатталады
-
Орташа әлеуметтік топ мүшелері