Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ежелгі тас дәуірі

Конспект

Көне тарихты кезеңдеудің бірнеше түрі бар. Оның ішінде ең көп қолданылатыны –  археологиялық және геологиялық тәсілдер арқылы кезеңдеу.

Археологиялық дәуірлеу адамзаттың еңбек құралдарын неден жасағанына байланысты бөлінеді. Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір.

Тас дәуірі б.з.б. 3 млн немесе 2,6 млн 3 мыңжылдықты қамтиды. Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі: палеолит (3 немесе 2,6 млн – 12 мың жыл), мезолит (б.з.б. 12-5 мың жыл), неолит (б.з.б. 5-3 мың жыл).

Палеолит екі  кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 мл н– 40 мың жыл) және кейінгі палеолит ( б.з.б. 40 – 12 мың жыл). Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай  (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн – 40 мың жыл), ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл), мустье (б.з.б. 140-40 мың жыл). Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріліп жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеудің ұқсастығы, кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы еңбек құралдарының бірте-бірте жетілдіріле түсуі мен адам баласының соған сәйкес даму деңгейінің өсіп отыруында болды.

Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң олардың табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Әртүрлі жеміс-жидектерді теріп, жеуге жарамды тамырларды қазып жеп күнелтті. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады.

Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай қуалап, құлап өлген аңдардың етін азық етті.

Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған америкалық этнолог Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын – жабайылық, тағылық (варварлық) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді.

Жабайылық кезеңде адамзат қалыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды – сөйлеу тілі пайда болды, отты игерді, балық аулауды үйренді, садақ пен жебені пайдаланды.

Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін егу мен мал бағуды үйренді, темірді пайдалануды меңгерді.

Ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққан уақыттан басталады. Л.Г. Морган адам баласы тарихын эволюциялық даму тұрғысынан қарастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір жетістіктермен байланыстырды.

Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы.

Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы – алғашқы адамдардың тобыры. Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді.

Тобыр өзара қандас, туыс жандардан құралды және де эндогамиялық ұжымға жатты.. Эндогамия – ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы. Адамдар тобыры ұжым ретінде бірлікте ұзақ өмір сүре алмады, жиі тарап кетіп отырды. Бір тобырдың адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды.

Адамзат баласының ішкі қатынастарында экзогамия ғұрпы пайда болды. Экзогамия – туыс адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы. Уақыт өте келе неке тұрақты сипатқа еніп, адамдар ұжымнан рулық қауым сатысына өтті. Бұл әлеуметтік ұжымның келесі бір формасы болды. Рулық қауым уақыты саналы адамның  (кроманьон) қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.

 

Тезистер

  • Көне тарихты кезеңдеуде археологиялық және геологиялық тәсілдер қолданылады.
  • Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір.
  • Тас дәуірі үш кезеңге бөлінеді: палеолит (3 немесе 2,6 млн – 12 мың жыл), мезолит (б.з.б. 12-5 мың жыл), неолит (б.з.б. 5-3 мың жыл).
  • Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн – 40 мың жыл) және кейінгі палеолит ( б.з.б. 40-12 мың жыл).
  • Палеолит екі  кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн – 40 мың жыл) және кейінгі палеолит ( б.з.б. 40-12 мың жыл).
  • Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн  – 40 мың жыл), ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл), мустье (б.з.б. 140-40 мың жыл).
  • Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған америкалық этнолог Льюис Генри Морган болды.
  • Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеудің ұқсастығы, кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы еңбек құралдарының бірте-бірте жетілдіріле түсуі мен адам баласының соған сәйкес даму деңгейінің өсіп отыруында болды.
  • Жабайылық кезеңде адамдар өзара қатынас құрды – сөйлеу тілі пайда болды, отты игерді, балық аулауды үйренді, садақ пен жебені пайдаланды.
  • Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін егу мен мал бағуды үйренді, темірді пайдалануды меңгерді.
  • Өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққан уақыттан басталады.
  • Адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті.
  • Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымының бірінші формасы – адамдардың тобыры.
  • Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді.
  • Эндогамия – ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы.
  • Тобыр өзара қандас, туыс жандардан құралды және де эндогамиялық ұжым болды.
  • Бір тобырдың адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды.
  • Экзогамия – туыс адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы.  
  • Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын – жабайылық, тағылық (варварлық), және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді.


Қате туралы хабарландыру