
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
4-тапсырма
Ауданы \(1600\) м², тіктөртбұрышты қоршауға аз материал жұмсау үшін оның қабырғалары қандай болуы керек?
Шешімі.
\(x\) – алаң ұзындығы болса, онда алаң ені –\({1600 \over x}.\). Бұл өлшемдер есеп шарты бойынша теріс емес. Тіктөртбұрыш периметрінің оның ұзындықтарына тәуелділік функциясын құрастырамыз: \(x: f(x) = 2(x+{1600 \over x}).\)
Осылайша, берілген есеп \(f(x) \) функциясы \([0; +∞)\) интервалында ең кіші мәнге ие болатындай \(x\) мәнін табуға келеді.
Берілген интервалдағы функцияның стационар нүктелерін табамыз.
\(f'(x) =2(1 - {1600 \over x^2}) \)
\(f'(x) = 0;\)
\(1-{1600 \over x^2}=0;\)
\(x_1 = – 40, x_2 = 40;\)
\(x_2 \in [0; +∞)\)
\(x_2 = 40\) \(f(x)\) функциясының минимум нүктесі болады, себебі \(x = 40\) нүктесі арқылы өткенде туынды «–» таңбасынан «+» таңбасына ауысады. Ендеше \(f(x)\) функциясы \([0; +∞)\) интервалындағы ең үлкен мәнін \(x = 40\) нүктесінде қабылдайды.
Жауабы: \(40\) – алаң ұзындығы, \(40\) – алаң ені.
2-шешімі.
Берілген есеп оптимизацияға арналған.
1. Оптимизацияланған өлшемді белгілейміз: \(y\) – тіктөртбұрыш алаңның периметрі. Оның ең кіші мәнін іздейміз.
2. \(x\) – алаң ұзындығы болсын, онда алаң ені –\(1600 \over x\).
3. Есеп шарты бойынша анықталу облысын белгілейміз: \(x \in [0; + ∞).\)
4. Оптимизацияланған өлшем \(y\)-ті \(x\) арқылы өрнектейміз: \(y(x) = 2(x + {1600 \over x}).\)
5. Берілген функцияның \([0; + ∞)\) интервалындағы минимум нүктесін табамыз.
\(f'(x) = 2(1-{1600 \over x^2}) \)
\(f'(x) = 0;\)
\(1 - {1600 \over x^2} = 0;\)
\(x_1 = –40, x_2 = 40;\)
\(x_2 \in [0; +∞)\) және \(x = 40\) \(y\) функциясының минимум нүктесі, себебі \(x = 40\) нүктесі арқылы өткенде туынды «–» таңбасынан «+» таңбасына ауысады.
Осылайша есеп шартына сәйкес сұраққа жауап құраймыз.
Жауабы: \(40\) – алаң ұзындығы, \(40\) – алаң ені.