
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Тапсырма: 2
Графигі М(0; –1) нүктесі арқылы өтетін \(f(x) = 4x^3 - 3x^2 – 1\) функциясының алғашқы функциясын табыңыз.
Шешуі.
Алғашқы функцияның суммасын және дәрежелік функцияның ережелерін қолдана отырып берілген алғашқы функцияның жалпы түрін анықтаймыз.
\(F(x) = {4x^4 \over 4} - {3x^3 \over 3} - x + C = x^4 - x^3 - x + C\)
Ізделінді дербес алғашқы функция М(0; –1) нүктесінен өтеді. Шыққан жалпы алғашқы функциямызға М нүктесінің координаталарын қоя отырып С-ның мәнін табамыз.
\(-1 = 0 - 0 – 0 + C,\) \(C = -1\)
Осылайша дербес алғашқы функция келесі түрге келеді.
\(F(x) = x^4 - x^3 - x - 1.\)
Жауабы: \(F(x) = x^4 - x^3 - x - 1.\)
Қайталауға арналған материалдар:
11-сынып – Алғашқы функция және интеграл – Алғашқы функция. Алғашқы функцияның негізгі қасиеті