Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту

Конспект

1940 ж. II жартысынан – 1960ж. ортасында Қазақстан өнеркәсібінің отын-энергетика саласы жақсы дамыды. 1950 жылдар қарсаңында көмір шабу, қопару, вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды. Көмір өндіру соғысқа дейінгіден 6,5 есе артып, 1950 жылы 17,4 млн тоннаға жетті. Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр станциялары, Жезқазғанда жылу электр орталығы салынды. Бұқтырма СЭС-нің құрылысы аяқталды. 1950 жылдардың екінші жартысында электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады. 1945 жылы – 1,15 млрд. квт/сағ, 1960 жылы – 10,6 млрд. квт/сағ электр қуаты өндірілді. Ембі, Жетібай, Өзендегі мұнай өндіру кәсіпорындарының өнімі 2,5 есе ұлғайды.

Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, нығайтылды. Теміртауда Қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қуаты ұлғайтылды. Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді.

1950 жылдардың алғашқы жартысында өнеркəсіп үлесіне күрделі қаржының 40,4%-ы тиді. Оның 94,7%-ы ауыр өнеркәсіп салаларына бөлінді. Өнеркəсіптің жалпы көлемі – 82%, болат қорыту – 86%, қара металл прокатын шығару – 119%, машина жасау – екі есе артты.

1950 жылдардың II жартысында жүздеген өнеркəсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен тау-кен машиналары жабдықтарын жасау зауыты, Соколов-Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты. Қарағанды металлургия комбинаты Сібір, Орал, Орта Азияны қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Қара және түсті металлургияның негізінде машина жасау өнеркәсібінің қалыптасуы баяу жүрді.

Жамбыл, Семей, Павлодар, Петропавлда тері илейтін, былғары жасайтын кәсіпорындар салынды. Алматы, Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяқкиім тігу мен шұлық шығаратын кәсіпорындар орын тепті. Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Теміртауда ет комбинаттары, сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды. Құрылыс материалдарын шығару көлемі артты. Сазтөбе, Қарағанды, Өскемен, Семей, Шымкентте цемент зауыттары бой көтерді. Талдықорған, Өскемен, Қызылжар, Қостанайда кірпіш зауыттары салынды.

1954-1962 жылдардың арасындағы жасанды миграциялық шаралардың нәтижесінде республика халық санының күрт артуы энергетика, тасымал, құрылыс істерін жоғары қарқынмен дамытты.

Темір жолдардың ұзындығы 1945 жылы – 8212 шақырым, 1950 жылы – 12419 шақырымға жетті. Мойынты-Шу, Өскемен-Зырьян, Ақмола-Павлодар теміржол желілері салынды. Жүк айналымында темір жол тасымалының үлесі басым болды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 108 мың шақырымға жетті. Су жолы, құбыр және авиацияның үлесі мардымсыз болды.

Соғыстан кейінгі кезден 1960 жылдардың ортасына дейінгі аралықта химия өнеркəсібі пайда болып, дами бастады. Қаратау кен-химия комбинаты, Жамбыл суперфосфат зауыты, Қостанай жасанды талшықтар зауыты салынды. Қарағанды синтетикалық каучук зауыты,

Ақтөбе хром қосылыстары зауыты кеңейтілді. Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Қазақстанның оңтүстігінде орын тепті. 1950 жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты.

1965 жылы республика одақта өндірілетін шойынның 25%-ын, темірдің 9,2%-ын, көмірдің 7,9%-ын, болаттың 12%-ын берді.

1960 жылдардың басында республикада одақтағы күміс қорының 3/4-і, қорғасынның, мыстың, мырыштың жартысынан астамы болған. Қазақстан аумағында атом сынақ алаңы мен ғарышқа ұшу алаңы орналастырылды. Қалаларда әскери кәсіпорындар жұмыс істеп жатты.



Сұрақтар
  1. 1945 жылы Республикадағы теміржолдарының ұзындығы:

  2. Қазақстанда КСРО-дағы күмiс қорының 3/4-i бар деп есептелінді:

  3. Қазақстанда терi илейтiн, былғары жасайтын кәсiпорындар салынды:

  4. Электр станциялары бір орталықтан басқарыла бастаған мерзім:

  5. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынған жыл:

  6. Сібір, Орал, Орта Азияны металмен қамтамасыз ететін негізгі база:

  7. Мақта-мата комбинаты орналасқан қалалар:

  8. Республикадағы жүк айналымында басым болған тасымал жолы:

  9. Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары орналасқан аймақ:

  10. Республикадағы одақта өндірілетін шойынның үлесі:

  11. 1945–1950 жылдар аралығында салынған темір жол желісі(-лері)

  12. 1940-60-шы жылдарда су электр стансалары салынған қалаларды тап.

  13. 1940-60-шы жылдарда жылу электр орталығы (-тары) салынған қала (-лар) қайсы?

  14. 1940-60-шы жылдарда цемент зауыттары салынған қала (-лар) қайсы?

Қате туралы хабарландыру