iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Экономикалық реформаларға талпыныс. Әлеуметтік даму
Шаруашылықты басқару реформаларын жүргізуге талпыныс басталды. 1957 жылы халық шаруашылығын басқару жүйесіне арналған реформа жүргізілді:
Орталықтандырылған салалық министрліктер
↓
Халық шаруашылық кеңестері
( аумақтық басқармалар)
Қазақтанда одақтық министрліктерге бағынатын және әскери өнім өндіретін кәсіпорындар аумақтық-өнеркәсіптік партия ұйымының нұсқауларын тыңдағысы келмеді. Реформа сәтсіздікке ұшырады. Шаруашылықта жұмыс күші жетіспеді. Соғыс кезінде көшіп келген мамандар туған өңірлеріне қайтты. Жүз мыңдаған қазақстандықтар майданда қаза тапты. Жұмысшылардың кəсіби даярлығы төмен болды. Осы мәселелерді шешу үшін еңбек резервтерінің мектептері мен маман жұмысшылар дайындайтын училищелері ашыла бастады.
Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті. 1940 жылы 634 мың жұмысшы, 912 мың шаруа болған. Ал 1945 жылы 1044 мың жұмысшылар мен қызметкерлер, оның ішінде өнеркəсіпте істейтіндері 304 мың адам болған. 1960 жылы 2,2 млн жұмысшы, 611 мың шаруа болды. 1950 жылдары өнеркәсіпте, құрылыста, жол қатынасы мен байланыс жүйесінде істейтін жұмысшылар мен қызметшілер саны біршама артты.
1950 жылдардың II жартысында өндіріс техникасы мен технологиясын дамытуға көңіл бөлінді.
Кен өндіру операциялары механикаландырылды. Түсті металлургияда тұтас цехтар автоматтандырылды. Шымкент пресс автоматтары зауыты 20-дан астам машина түрін шығарды. Алматы ауыр машина жасау зауытының сым созу стандары іске қосылды. Өскемен конденсатор зауытында төмен вольтты конденсаторлар шығарылды. Осының бәрі маман жұмысшы қолын талап етті. 1956-1960 жылдары 767,2 мың жұмысшы мамандығын жетілдірді. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан маман жұмысшылар аз болды.
Соғыстан кейінгі жылдары халық тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілді. 1947 жылғы желтоқсанда еңбекшілерге азық және өнеркəсіп өнімдерін карточкамен өлшеп беру жойылды. Көпшілік қолды тауарлардың бағасы арзандатылды. Кооперативтік сауданың кеңеюі базар бағасының түсуіне ықпал етті. 1947 жылы ақша реформасы жүргізілді. Ескі ақша 1/10 қатынаспен алмастырылды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы өсе бастады. 1940 жылы 29,8 сом, 1950 жылы 62 сом, 1965 жылы 97,4 сомға өсті. 1950 жылдардың басында ұжымшар мүшелерінің айлық жалақысы 16,4 сом болды. Бұл жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысынан 4 есе кем еді. Олар мемлекеттік зейнетақы алудан да тыс қалды.
1950 жылдары әлеуметтік қамсыздандыруға арналған қаржының көлемі артты. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілді. Зейнетақы төлеудің шеңбері кеңейтілді. Мерзімнен тыс жұмыс істеу жойылды, күн режімі орнықтырылды, ақылы демалыс қалпына келтірілді. Тұрғын үй салуға мемлекет тарапынан қаржы бөліне бастады. Соғыс жылдары және одан кейін де үнемі көтерілген баға 1948 жылы 1940 жылғымен салыстырғанда үш есе жоғарылады. Еңбекшілер жыл сайын бір айлық жалақысына облигация сатып алуға мәжбүр болды.
1958 жылы кейбір қалаларда пəтерлерге газ беріле бастады. 1956 жылдан бастап жұмысшы және қызметші әйелдерге босануға байланысты берілетін ақылы демалыс 112 күнге ұзартылды. 1965 жылы республикада 79 санаторий, 23 демалыс үйі болды. 60-жылдардың басында жыл сайын 200 мыңға жуық бала пионер лагерінде демалды. Еңбекшілердің жинақ кассаларына ақша салу мөлшері 1950 жылы жан басына 88 сом болса, 1965 жылы 298 cомға жетті. 1950-1965 жылдары аурухана саны 2,4 есе, дәрігерлер саны 3,5 есе артты.
-
1965 жылы Республикада жұмыс істеген санаторийлердің саны:
-
Еңбекшiлерге өнеркәсiп және азық өнiмдерiн карточкамен өлшеп беру жүйесі жойылды:
-
1950 жылы еңбекшiлердiң жалақысы өсті:
-
1956 жылы жұмыс жасайтын әйелдерге босануға байланысты берiлетiн ақылы демалыс ұзартылды:
-
Орталықтандырылған салалық министрліктер орнына құрылды:
-
1960 жылғы жұмысшылар саны:
-
Тұтас цехтар автоматтандырылған сала:
-
Соғыстан кейінгі жылдары ақша реформасы жүргізілді:
-
Үкімет еңбекшілерді мәжбүр етті:
-
Қалаларда пəтерлерге газ беріле бастады: