iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы
Қазақстанда Г.Колбин генерал-губернатор миссиясын атқарды. Республика кадрларының жоғарғы легін тазалаудан өткізді. 1989 жылы КСРО халық депутаттарының I съезінде Халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне сайланып, Қазақстаннан кетті.
1989 жылы маусымда Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1-хатшылығына Н.Назарбаев келді. Халықты “қазақ ұлтшылдығы” деген айыпты атақтан арашалауға күш салынды.
1987 жылы қазақ жəне орыс тілдері туралы Қаулылар шықты. 1989 жылы 22 қыркүйекте “Қазақ КСР-дегі тілдер туралы Заңды” республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Республикада қазақ тілін қайта түлету жəне дамыту жөнінде жұмыстар атқарылды. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін қазақ тілінде тəрбиелейтін 482 балабақша, қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кəсіптік-техникалық училище ашылды. Іс қағаздарын қазақша дайындайтын жəне қазақ тілінде басатын мамандар даярлайтын кəсіптік-техникалық училище жұмыс істеді. Жоғары оқу орындарында қазақша факультеттер, бөлімдер ашылды, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды. Өзге ұлттық топтардың – татар, украин,неміс, ұйғыр, түрік тілдерінде оқытатын мектептер ашылды.
Қазақстан Компартиясы ОК-нің идеология мен ғылым мəселелері жөнінде әр жылдары қабылдаған бірқатар қаулыларының күші жойылды. Бұл шаралар тыйым салынып келген көптеген көркем шығармаларды терең зерттеуге мүмкіндік туғызды.
1988 жылы Қазақстан компартиясы ОК-нің қаулысымен 30-50-жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды. Ақын, философ Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931), жазушы əрі ғалым Ж.Аймауытов (1889-1931), жазушы, педагог М.Дулатұлы (1885-1935), тіл, əдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған А.Байтұрсынұлы (1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог М.Жұмабаев (1893-1938 ).
Баспасөз беттерінде көрнекті қоғам жəне мəдениет қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық қызметтерінің шындықтары айтылған материалдар жариялана бастады. Олар – Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, Қ.Жұбанов.
-
1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларын ақтау жөніндегі Қаулы шықты:
-
1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшылығына тағайындалған:
-
“Қазақ КСР-iндегi тiлдер туралы Қазақ КСР-інiң заңын” республиканың Жоғарғы Кеңесi қабылдады:
-
1990 жылмен 1991 жылдың аралығында елімізде қазақ тілін үйрететін кәсiптiк-техникалық училище ашылды:
-
1987 жылы шыққан Қаулы:
-
1990 жылмен 1991 жылдың аралығында елімізде қазақ тілінде сабақ беретін мектеп ашылды:
-
1989 жылы қазақ тіліне қатысты қабылданған заң:
-
Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1-хатшылығына Н.Назарбаев келген мерзім:
-
Қазақ жəне орыс тілдері туралы Қаулылар шыққан мерзім:
-
1988 жылғы Қаулымен 30-40-жылдары жазаға ұшырағандардың арасынан шығармашылық мұралары ақталғандар:
-
1989-жылғы «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы заңында» мемлекеттік тіл ретінде көрсетілген тіл (-дер) қайсы?
-
1988-жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған қазақ зиялы (-лар) кім?
-
1988-жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған қазақ зиялы (-лар) кім?