iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы
1980 жылдардың соңында қозғалыстар мен саяси бірлестіктер пайда бола бастады. Олардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – “Невада-Семей” антиядролық, экологиялық қозғалысы болды. 1989 жылы 28 ақпанда құрылған бұл қозғалыстың жетекшісі – О.Сүлейменов. Мақсаты: Семей ядролық полигонын жабу. Сонымен қоса “5-5” формуласы бойынша əлемдегі ірі полигондарды жою, ядролық соғыс қаупін ыдырату.
1990 жылдың жазында “Азат” азаматтық қозғалысы құрылды. Саяси-əлеуметтік мақсаты: егеменді ел болу, жеке мемлекет ретінде əлемдік қауымдастыққа ену. “Славян” қоғамы Қазақстанда тұратын cлавян текті ұлт өкілдерінің мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Қазақстандық немістердің “Видергебурд” (қайта өрлеу) ұйымының мүшелері көп, қаражаты мол, танымал бірлестікке айналып, Германиямен тығыз байланыста болды. 1990 жылдың соңында саяси-қоғамдық бірлестіктер саны жүзден асты. 1991 жылдың маусымында “Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы” заң қабылданды. Республикада көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады.
1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы жəне жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті. Алғаш рет балама кандидаттар дауысқа түсті. 1990 жылға таман партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады. Кеңестер алғаш рет өздерінің төл істерімен айналысып, заң шығарды, мемлекеттің даму үрдісіне қатысты өзекті мəселелерді талқылап, шешімдер қабылдады.
1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ірі бас көтеру болды. Әлеуметтік мәселелер ашық наразылыққа шығуға мәжбүр етті. Олар: жастар арасындағы жұмыссыздық, жұмыс күшін вахталық əдіспен сырттан əкелу, тұрғын үй бөлуде жəне балабақшаға орналастыруда бұрмалаушылыққа жол берілуі, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы ірі кемшіліктер.
Əлеуметтік қақтығыстың түрткісі: вахталық әдіспен келгендердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен санаспауы, дөрекі түрде кемсітуі. Жанжал алдымен жергілікті ұлт өкілдері мен кавказдықтар арасындағы қайшылықтан басталды. Сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатында өтті. Бұл жанжал құқық қорғау орындары мен арнайы тапсырмалы əскерлердің күшімен тоқтатылды. Бірақ көптеген мəселелер бұрынғысынша шешілмей қалды.
1989 жылғы шілде айында Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағандыдағы кеншілер ереуіліне ықпал етті. Олар экономикалық жəне саяси талаптар көтерді: еңбекақыны арттыру, азық түрлерін көбейту, шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту. Сонымен бірге Семей ядролық полигонын жабу,одақтық министрліктердің монополиясын жою мәселелерін көтерді.
Ереуілді тоқтату үшін КСРО көмір өнеркəсібі министрінің келуі кеншілерді тоқтатпады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев шұғыл ұшып келіп, кеншілермен бірнеше кездескеннен кейін ереуіл тоқтатылды. Республика басшылығы кеншілердің талаптарын орындауға уəде берді.
-
1989 жылы ГДР-де, Румынияда, Чехословакияда, Болгарияда болған саяси толқындардың нәтижесінде орнаған үкімет:
-
“Невада-Семей” қозғалысының сипаты:
-
Қазақстан аймағында құрылған неміс ұйымы:
-
Қай жылы Қазақстан алғашқы Орал казактарының ұйымы құрылды:
-
Еліміздегі славян ұлт өкілдерінің мүддесін қорғау үшін құрған ұйым:
-
Қозғалыстар мен саяси бірлестіктер пайда бола бастаған мерзім:
-
1990 жылдың жазында құрылған қозғалыс:
-
Партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады:
-
1989 жылғы маусымдағы ірі бас көтеру болған өңір:
-
Қарағанды кеншілерінің ереуілі болған мерзім:
-
2012 жылғы Партиялық тізім бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында 7% кедергіден өткен партия(лар):
-
1989-жылы бас көтеру болған қала (-лар) қайсы?
-
1990-жылы өзге ұлттардың құрған ұйымдарын тап.