iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауда және ТМД-ның құрылуы
1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді.
1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды.
1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.
Н.Ə.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады.
1969 жылы партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды.
1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеді. 1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990 жылғы сəуірде Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік жəне құқықтық мемлекет болып құрылды.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты.
Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.
-
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі құрылды:
-
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы құрылды:
-
Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс Министрі:
-
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы болып тағайындалды:
-
Тəуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы келісім жасалды:
-
Ашхабад келісімі болған мерзім:
-
Еліміз Қазақстан Республикасы болып атала бастады:
-
Н.Ə.Назарбаевтың Теміртауда 1969 жылы атқарған қызметі:
-
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды:
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына кірген елдер саны:
-
ҚР ішкі істер әскері құрылған жыл:
-
1922-жылғы Одақтық шарттың өмір сүруін тоқтатқаны туралы мәлімдеген республикалар қайсы?
-
1991-жылы 13-желтоқсан күні Ашхабадта бас қосқан республикалар қайсы?
-
Кеңес Одағы құлағаннан кейін пайда болған жаңа мемлекеттер:
-
Кеңес Одағы құлағаннан кейін пайда болған жаңа мемлекеттерді тап.
-
Кеңес Одағы құлағаннан кейін пайда болған жаңа мемлекеттер қайсы?
-
Кеңес Одағы құлағаннан кейін пайда болған жаңа мемлекеттерді көрсет.
-
Кеңес Одағы құлағаннан кейін азаттыққа қол жеткізген мемлекеттерді көрсет.
-
Республика атауын өзгерту туралы заң қашан қабылданды?
-
Берілген тарихи оқиғаларды дұрыс тарихи хронологиялық ретімен қойыңыз.
-
Қазақ КСР-i Қазақстан Республикасы болып атала бастады.
-
Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуi.
-
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентi болып сайланды.
-
Минскiдегi славян республикалары басшыларының кездесуi. КСРО-ны таратып, Тәуелсiз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешiмнiң қабылдануы.
-
-
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қашан қабылданды?
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына қандай мемлекеттер кіреді?
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына кіретін мемлекеттерді көрсет.
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына кіретін мемлекеттерді көрсет.
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына кіретін мемлекеттерді көрсет.
-
Республика Президентінің жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қашан қайта құрылды?
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудың толық аяқталуы қашан болды?