Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан. Қоғамды демократияландырудың жалғасуы

Конспект

1997 жылғы қазан айында Президент Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясы жарияланды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. Ұзақ мерзімді 7 басым бағыт көрсетілді. Олар:

1.Ұлттық қауіпсіздік.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

3. Экономикалық өрлеу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты.

5. Энергетика ресурстары.

6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс.

7. Кəсіпқой мемлекет.

Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясы туындады. 1995 жылғы 15 қыркүйекте Президенттің республика астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы жарлығы шықты. 1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді.

Астананы ауыстырудың бірнеше себептері болды. Ақмола – географиялық орталық, тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. Өңірдің экономикасын көтеріп, солтүстіктегі демографиялық ахуалды ұлт мүддесі бағытында өзгертуге қызмет етеді. Ақмола мемлекетіміздің стратегиялық геосаяси мүдделеріне жауап беріп, ұлт қауіпсіздігін нығайтуға қызмет етеді.

1998 жылғы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымда жаңа астананың тұсаукесер рәсімі болып өтті.

2008 жылы Астананың алғашқы онжылдығы болды. Өнеркәсіп өндірісі көлемі 7 есе ұлғайды. Тұрғындарының саны 700 мыңға жуықтады. К.Байсейітова атындағы опера және балет театры, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет ашылды. 1999 жылы ЮНЕСКО Астананы “бейбітшілік қаласы” деп атады. Бейбітшілік және Келісім сарайының жанында “Қазақ елі” ескерткіші орналасқан. Оның биіктігі 91 метр.

1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізілді. Сайлау болардың алдында 1998 жылы Конституцияға Парламенттің шешімімен өзгерістер енгізілді. Президенттің өкілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылып, үміткер жасының 65-тен аспауы керектігі алынып тасталды.

2001 жылы “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық қозғалысы пайда болды. Оның ұйымдастырушылары үкімет құрамындағы және басқа билік құрылымындағы жас олигархтар еді. Кейін осы қозғалыстың негізінде екі саяси партия құрылды.

2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси өмірде белсенділік байқалды. Саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелу үшін 50000 мүшесі болу талабы қойылды. 12 саяси партия тіркеліп, әрекет ете бастады.

2005 жылы келесі президент сайлауы өтті. 4 кандидаттың қатысуымен өткен сайлауда 91% дауыс жинаған Н.Назарбаев 7 жылға сайланды.

Қазақстанда президенттік басқару формасын сақтай отырып, президенттік-парламенттік республикаға адым жасалды.

2007 жылы Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келесі заңды қабылдады. Президент 5 жылға сайланатын болды. Мәжіліс пропорциялық жүйемен жасақталады: 107 депутаттың 98-і партиялық тізіммен, қалған 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады.

2007 жылғы 8 тамыздағы кезектен тыс сайлау қорытындысы бойынша “Нұр Отан” Халықтық-демократиялық партиясы 88%-ды жеңіп алып, парламентті құрды.

Сонымен түйіндей келе, өткен XX ғасырды, Кеңес тарихының 74 жылын Қазақстан халқы үшін босқа өткен кезең деп айта алмаймыз. Бұл туралы Президент Н.Назарбаев “Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын” деген еңбегінде былай деп жазды: “…өз басым Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деген байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарды жақсарту, ғарышқа самғау – мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызам”.



Сұрақтар
  1. Қай жылы Н.Назарбаев “Қазақстан-2030” бағдарламасын халыққа таныстырды:

  2. Қай жылы «Ақмола» «Астана» деп өзгертілді:

  3. Н.Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабы жарыққа шықты:

  4. ҚР-да қай күн «Бірінші Президент күні» болып белгіленді:

  5. “Қазақстан-2030” бағдарламасы неше бағыттан тұрды:

  6. “Қазақстан-2030” стратегиясындағы 1-басым бағыт:

  7. Астана Ақмолаға көшірілді:

  8. Астана “бейбітшілік қаласы” деп аталған жыл:

  9. 2001 жылы құрылған қоғамдық қозғалыс:

  10. 2007 жылғы сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жеткен партия:

  11. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қай жылы жарияланды?

Қате туралы хабарландыру