Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Верный бекінісі негізінің салынуы

Конспект

Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді. 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийдің басшылығымен Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Орыс əскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашылды. 1853 жылы Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельский отряды Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылғы көктемде М.Д.Перемышельский отряды Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды. 1854 жылғы күзде Верныйға Іле отрядының 470 əскері əкелінді. 1855 жылы Сібірден 400 отбасы келіп қоныстанды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендеді. Верный кейін Іле қонысы деп аталды.

Верный бекінісі Шу мен Талас алабына Ресей империясының экономикалық-саяси ықпалын жүргізетін басты тірекке айналды.

1855 жылғы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан және Воронежден келген қоныстанушылар көбейді. 1857 жылы тұңғыш су диірмені салынып, ал 1858 жылы сыра зауыты іске қосылды. Белгілі ғалым-саяхатшылар П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.М.Пржевальский, И.А.Северцев, XІX ғасырдың 60 жылдары Ш.Уəлиханов Верныйда болған. Верный бекінісінің салынуы 19 ғасырдың 50 жылдарында Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.



Сұрақтар
  1. Верныйдағы алғашқы су диірмені салынды:

  2. Верный бекінісінің негізі қаланды:

  3. 1855 жылы Сібірден келген 400 отбасы тұрды:

  4. Верный бекінісіне Сібірден 400 отбасы қоныс аударды:

  5. 1854 жылы Верный бекінісіне Іле отрядының қоныстанған солдат пен офицерлердің саны:

  6. Қырғыздың бұғы руы Патша үкіметінің билігін мойындады:

  7. 1854 жылы іргесі қаланған Верный бекінісі кейінгі атауы:

  8. Қапалдағы Ұлы жүз резиденциясы Верныйға ауыстырылды:

  9. 1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс:

  10. Таушүбек бекінісі алынған уақыт:

  11. Ауқатты ұйғыр көпесі Вали Ахун Юлдашевтің тұрған уезі:

Қате туралы хабарландыру