Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары

Конспект

Патша үкіметі Қоқан хандығын ығыстырып, өзінің жергілікті қазақтар арасындағы саяси билігін нығайту үшін бірқатар шараларды іске асырды. Іле өңірінде әскери күштерді молайтып, керуен жолдарын бақылауға алуға, сауда-саттыққа зер салуға ерекше мән берілді. 800 орыс және 100 қазақтан тұратын күшті басқарған подполковник Шайтанов Шу алқабына қарай бағыт алды. Сұраншы, Шаян батырлар, Жайнақ би Ресей әскерін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алды. 1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстігінде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Орыс əскерінің Шу аңғары арқылы Қоқан бекіністері Əулиеата, Шымкент, Ташкентке қарай жүруі осы жерден басталды. 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақ, 4 қырқүйекте Қоқанның Жетісудағы тірегі Пішпек алынды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22 мыңдық əскер жіберді. Қазақ феодалдары екіге бөлініп, Кенесарының баласы сұлтан Сыздық тобы Ресейге қарсы шықты. Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.

1860 жылғы 19-21 қазанда болған Ұзынағаш шайқасында Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский əскері қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар – 400 адамнан, орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы рулары кірді.

Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі орыс әскерінің соғыс қимылдарын жеделдетуіне түрткі болды. 1864 жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша əскері Шу алқабын, Мерке, Əулиеата, Түркістан бекіністерін алды. Полковник М.Черняев әскері Шымкент бекінісіне бет алды. Қоқан билеушісі Әлімқұл Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысты. 1864 жылғы 22 қырқүйекте Шымкент алынды. 1865 жылғы шілдеде орыс әскері Ташкентті басып алды.

1866 жылдың басында Бұхар хандығының жеріне орыс əскерлері басып кіріп, хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді. Бұхар хандығының солтүстігінде қоныстанған қазақтар өзбектермен қатар Ресейдің билігін мойындады. 1868 жылғы қаңтардағы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, оның ішінде Қоқан хандығына тəуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. Ал 1873 жылғы Хиуа хандығының жеңілісі қазақтардың оларға тəуелділігін жойды.

Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан жері 15 ғасырдың орта кезінен бастап ерекше мәнге ие болған. Қазақ-орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы IY Иван билік құрған кез болып есептеледі. 18 ғасырдағы князь А.Бекович-Черкасскийдің, И.Д.Бухгольцтің, И.М.Лихаревтің, П.Ступиннің әскери барлау экспедициялары қазақтарды Жоңғария шапқыншылықтарынан қорғауда елеулі орын алды. Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі 18 ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылды.



Сұрақтар
  1. Қоқан ханы Құдиярға қарсы қыпшақтарды басқарған көтеріліс басшысы:

  2. Патша әскері Бұхар хандығының жеріне кірді:

  3. Ресейдің саясатында Қазақстан ерекше мәнге ие болған кез:

  4. Қоқан хандығының жері Ресей құрамына  енгізілді:

  5. 1866 жылдың басында Ресейдің билігін мойындады:

  6. М. Черняев пен Лерхе тобы Шымкентті алды:

  7. Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздықтың күшеюі түрткі болды:

  8. 1860 жылы қоқандықтар мен орыс əскерлерінің шайқасы өткен жер:

  9. Қастек бекінісі салынды:

  10. Орыс әскерін құтқарушы ретінде қарсы алған батырлар:

  11. 1864 жылы Әулиеатаны басып алған полковник:

  12. 19 ғасырдың 60-жылдары полковник Циммерман қандай бекіністерді басып алды:

  13. Аға сұлтандар сайланды:

  14. Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды:

  15. Қай жылы Ресей үкіметі Пішпек бекінісін басып алды:

  16. 1916 жылғы 20 шілдеде Түркістан генерал-губернаторлығына генерал-губернатор болып тағайындалды:

  17. М.Черняев басқарған орыс әскері Түркістанды басып алды:

  18. «Ереже» бойынша Дала генерал-губернаторлық құрылды:

  19. Ресей әскері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды:

Қате туралы хабарландыру