Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

III бөлім. Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың II жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

Конспект

18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды. Орта Азия хандықтары ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенді. Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылғы ақпанда 10 мың əскерімен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.

1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған

қазақ шаруаларының азаттық қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып кетті. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістері Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулиеата, Пішпек аудандарын қамтыды.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.

Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20-30 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847 ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855 ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.

Бұл оқиғалар Лепсі мен Іле аралығындағы қазақтардың және 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдетті. Орыс әскерінің Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы іске асырылды.



Сұрақтар
  1. Абылайханның ұлы Сүйік сұлтан өзіне қарасты рулардың Ресей үкіметінің құрамына кіретіндігін жариялайды:

  2. Қапал бекінісі салынды:

  3. Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан «Азия комитеті» құрылды:

  4. Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалған мерзім:

  5. 1825 жылы Қаратал өзеніне келген орыс әскерінің тобы:

  6. “Азия комитеті” құрылған мерзім:

  7. Ресей құрамына алынған Сүйік сұлтан қарамағындағы ру:

  8. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы шаруалар көтерілісін басқарды

  9. 1812, 1816, 1820 жылдары қазақ ауылдарына жойқын шабуыл жасаған хандық:

  10. 19 ғасырда ағылшын  үкіметінің  қолдауына сүйенді:

  11. «Түркістан өлкесін басқару Ережесі» қабылданды:

  12. XIX ғасырдың 30–40 жж. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында қандай бекіністер салынды?

  13. Қоқан билеушісі Әлімқұл орыс әскерлеріне қарсылық ұйымдастыру үшін кіммен одақ құруға тырысты?

Қате туралы хабарландыру