Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ бөлім. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Конспект

19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық, Каспий, Зайсан көлі маңайында қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аудандарында тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады. Шығыс, орталық аймақтарында түсті металдар, тас көмір өндіретін кен орындары ашылды.

19 ғасырдың I жартысы – Қазақ елінің Орта Азия хандықтарымен, Сібірмен, Цинь империясымен сауда байланыстарын кеңейте түскен кезең. 1803 жылғы 19 мамырда Ресей үкіметі керуендер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат берді. Ірі сауда орталықтары Петропавл (Қызылжар), Ақмола, Орал, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы. Қазақстанның батыс өңіріндегі ірі сауда орталығы Кіші Орда (хан Ордасы) болды. Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл қаласы ерекше болды.

Халық арасында ықпалы кеміген хандар патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына қарсылық көрсете алмады. 1781-1819 жылдары Орта жүзді басқарған Уəлидің қатігездігі халықтың наразылығын туғызды. Патша үкіметі 1815жылы екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Бөкей – 1817 жылы, Уəли – 1819 жылы қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. 1822 жылы “Сібір қырғыздарының жарғысы” шықты. Авторы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тəртіптерді əлсірету. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Cөз жүзінде округті билеу аға сұлтанға берілсе де, істі шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізу олардың рөлін әлсіретті. Орта жүз жəне Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы “Сібір қырғыздарының облысы”деп аталды.

Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том, Омбы, Сібір қырғыздарының облыстары кірді. Орталығы – Тобыл, кейін Омбы (1839 жылдан бастап). Округтер – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж), Баянауыл (1826 ж), Аякөз (1831 ж), Ақмола (1832 ж), Үшбұлақ (1833 ж), Аманқарағай (1834 ж), 40-50 жылдары құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлады. Оларға майор əскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді.

Сот ісі 3-ке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, шағым айту. 1822 жылғы реформа Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді. Орта жүзде хандық билік жойылды. 1824 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссеннің “Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысы” қабылданды. 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.

Бөкей Ордасындағы хандық билік 1845 жылға дейін сақталды.



Сұрақтар
  1. 19 ғасырдың бірінші жартысында Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берілді:

  2. Қазақстанның батысындағы ірі сауда орталығы:

  3. 1781-1819 жылдары хан болған Орта жүз билеушісі:

  4. 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының Жарғысының» авторы:

  5. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты:

  6. 1822 жылғы “Жарғыға” сəйкес Орта жүздегі əкімшілік-басқару бөлінді:

  7. 1822 жылғы Жарғы  бойынша округтер бағындырылды:

  8. Сібір қазақтарының округінің аумағы:

  9. Көкшетау округі құрылды:

  10. 1822 жылғы Жарғы бойынша  аға сұлтанды сайлады:

  11. 1822 жылғы Жарғы бойынша мұрагерлікпен берілетін билік:

  12. 1822 жылғы Жарғы бойынша қылмыстық істер қаралды:

  13. 1822 жылғы Жарғы бойынша шетелдермен келіссөз жүргізуге құқылы болды:

  14. Орта жүзде хандық билік жойылды:

  15. «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысын»  дайындады:

  16. Кіші жүздің соңғы ханы:

  17. Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасқан кез:

  18. Бөкей Ордасы құрылған жыл:

  19. «Сібір қазақтарының жарғысына» сәйкес Орта жүздегі билік бөлінді:

  20. 1817, 1819-жылдарда қайтыс болған Орта жүз хандары кімдер?

  21. 1822-24-жылдарда Кіші және Орта жүздерде хандық билікті жойған реформатор (-лар) кім?

Қате туралы хабарландыру