Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

18 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Конспект

Қазақстанның Ресей құрамына енуі әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірге өзгерістер әкелді. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зеттей бастады. Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталғанымен, Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды. И.Д.Бухгольцтің әскери жорық экспедициясы I Петрдің “Азияға жол іздеу” талабымен құрылған жеке тапсырмасы болды. Экспедиция құрамында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренат “Жоңғария картасын” жасады. Г.Ф.Миллер Қазақ хандығы туралы мағлұматтарды оқып, зерттеп жүйеге келтірген. “Сібір тарихы” еңбегінде Орта жүз туралы жазған мәліметі ерекше бағалы. Г.Миллердің жазбаларында орын алған ерекше мәлімет, жоңғар тұтқынынан Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы жазғаны. П.И.Рычков Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы терең ғылыми мұра қалдырды. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен қиыншылықтарын атап өткен. П.И.Рычковтың баласы капитан Н.П.Рычковтың “Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар” атты еңбегінде Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы мәліметтер, Кіші жүз қазақтарының өмірі туралы қызықты бақылаулар бар. Әбілқайыр ханның сол кезде жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған. Неміс саяхатшысы, натуралист П.С.Палластың “Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат” еңбегінде халықтың жағдайы, орналасуы, әскери бекіністердің салынуы суреттеледі. И.Муравин, Д.Галдышев, Я.Гуляевтер Әбілқайыр, Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болған. Орск маңында хандар мен сұлтандардың съезіне қатысып, өлкедегі саяси жағдайды суреттеп жазған.

Қазақ мәдениетінің тарихында 18 ғасыр ерекше орын алады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығының өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау шығармаларын Қаракерей Қабанбайға, Қанжығалы Бөгенбайға арнаған. Тәтіқара ақын шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербісәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбай ерліктерін шабытпен жырлады. Сонымен бірге Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған. Үмбетей жырау Абақкерей руының батыры Жауғашарға, Бекболат биге арнап жыр шығарған. Бөгенбай батырға арналған жоқтауында Абылайдың өмірін, қызметін, көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан етті. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған. Жанақ ақынның шығармашылығының ең басты жетістігі “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасының ерекше бір нұсқасын таратуы.



Сұрақтар
  1. Жанақ ақын шығармашылығының ең басты жетістігі:

  2. Қалқаман батырдың баласы, қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі:

  3. 1706-1778 жылдары өмір сүрген жырау:

  4. Тәтіқара ақын шығармаларының гүлденген уақыты:

  5. Ақтамберді жырау шығармалары арналды:

  6. “Орынбор тарихы” еңбегінде  баяндалады:

  7. И.Муравин, Д.Гладышев, Я.Гуляевтер болған хан ордалары:

  8. Абылай сұлтанды тұтқыннан босатуға қатысқан зерттеуші:

  9. Неміс саяхатшысы П.С.Палластың еңбегінде суреттеледі:

  10. Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп жазған тарихшы:

  11. “Сібір тарихының атасы” атанған ғалым:

  12. И.Д. Бухгольцтің экспедициясы құрылды:

  13. Князь Александр Бекович-Черкасский экспедициясы зерттеді:

  14. П.И. Рычковтың ғылыми еңбегі (-тері) қайсы?

  15. Қазақстанды зерттеуде  сүбелі еңбек сіңірген, осы өлкеде XVIII ғасырда болған шетел саяхатшылары кімдер?

  16. Орта жүз туралы еңбектері мәліметтерінің дәлдігімен және мазмұндылығымен кім ерекшеленеді?

  17. «Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» - сөздің авторы (-лары) кім?

Қате туралы хабарландыру