Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақстанның 14-15 ғасырлардағы сәулет өнері

Конспект

14-15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері. Отырардың батысында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын жерде Арыстан баб кесенесі орналасқан. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Кесене биіктігі – 37,5 метр, екі биік күмбезді. 35 бөлмеден тұрады, ең негізгісі – кітапхана, басты бөлмесі – көрхана. Оңтүстік жағындағы үлкен және кіші ақсарайда атақты адамдар жерленген. Көккесене – Сығанақтың маңында, Төменарық кентінен 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Алаша хан кесенесі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. 15 ғасырдың II жартысында салынған Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Йассауи ғимаратының шығысында, 60 м жерде орналасқан.

14-15 ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат төбесін жабу ісінде күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама материалдар пайда болды. Құрылыс материалының соншалықты жоғары сапалы болуы сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.



Сұрақтар
  1. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы

  2. Алаша хан кесенесі орналасқан

  3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан

  4. XIV–XV ғасырларда ғимарат төбесін жабу ісінде жетілдірілді

  5. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіндегі бөлме саны

  6. Далалық сәулет өнері үлгісінде жасалған кесене

  7. Қабырғаларының сырты кілем өрнегіне ұқсатып қаланған кесене

  8. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынды

  9. Арыстан баб кесенесі орналасқан жер

  10. Ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған мезгіл

  11. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік жағында

  12. XV ғасырдың екінші жартысында салынған ескерткіш, кесене Қожа Ахмет Ясауи ғимаратының шығыс жағында, 60 м жерде орналасқан

Қате туралы хабарландыру