Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

7 тарау. Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

Конспект

XV ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандық пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар арасында араздықты туғызып, елде бей-берекетсіздік өршіді. Мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетті. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілхайырдың билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы басты 3 аймаққа шоғырланды. Олар – Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Түркістан. Біртұтас қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының негізі экономикалық жағынан дамуы болды.

Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар қола дәуірінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан. Осы шаруашылықтың дамуы барысында жартылай көшпелі және отырықшы жер өңдеу кәсібі қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағында орта ғасырларда қалалық отырықшылық шаруашылық өркендеген. Қазақ жерінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы да ру-тайпалардың экономикалық және мәдени жағынан дамуына зор ықпал еткен. Тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады. Қазақ халқының бірігуінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.



Сұрақтар
  1. Әбілқайыр хандығы құрылды

  2. Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде қоңыраттар мекендеді

  3. Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліс тапқан соң, ел ішіндегі беделі түсе бастады?

  4. Керей мен Жәнібек хандармен бірге көшіп-қонып жүрген ру-тайпаларды алғашқы кезде атады

  5. Қазақ хандығы қалыптасқан кезеңде арғындар мекендеді

  6. Моғолстан ханы Есенбұға не себепті Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдады

  7. XV ғасырда жартылай мал өсірумен және егіншілікпен айналысқан ру-тайпалардың қоныстанған жері

  8. XV ғасырдағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы шоғырланған аймақ

  9. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылықтың шарықтау шегіне жеткен кезі

  10. XV ғасырдағы Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықтағы ұлыс саны

  11. Ұлы жүзге кіретін тайпалар

  12. Орта жүзге кіретін тайпалары

Қате туралы хабарландыру