Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақ хандығының құрылуы

Конспект

15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс тепкен. Керейлердің мекені – Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь және Тобыл өзендері аралығы. Қаңлылар Қаратау бауырын, Сырдария мен Жетісу өзендері бойын мекен еткен. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрған. Жалайырлардың мекені – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу. Үйсіндер Жетісуда қоныстанған. Қазақ хандығының іргесін нығайтып, күш-қуатын арттыруға, ірі, дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер қазақ қоғамының билеуші топтарының мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы, Қаратау баурайындағы, Сырдария бойындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың көпшілігі 15 ғасырдың 40-50 жылдарынан бастап Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. 15 ғасырдың басында Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі аумағы Қозыбасы мен Шу аймағы болған. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт тайпалары болды. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі деп Моғолстанды айтамыз. Қазақ хандары қырғыз халқымен де өзара тату тұрған.



Сұрақтар
  1. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде мәліметтер жазады

  2. Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер берді

  3. Керей мен Жәнібектің қазақ тайпаларын бастап, көш бастаған бағыты

  4. Қазақ хандығы құрылды

  5. Жәнібек ханның қоныстанған жері

  6. XV ғасырда Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде мекендеді

  7. Қаңлылардың мекендеген жері

  8. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі

  9. Жәнібек ханның баласын өздеріне хан ету үшін сұраған көрші ел

  10. Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне тайпалардың топтасуы басталды

  11. «Шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қашан қабылданды?

  12. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп шықты

  13. М.Х. Дулати еңбегінде Қазақ хандығы құрылған деп көрсеткен

  14. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде құрылуы жайында мәліметтер кездеседі

  15. Әбілқайыр ханға бағынудан бас тартып, Моғолстанға кеткен қазақ сұлтандары

  16. Әбілқайыр ханға қарсы шыққан қазақ сұлтандары

Қате туралы хабарландыру