iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
14-15 ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
14-15 ғасырларда шаруашылықтың басым түрі мал шаруашылығы болды. Материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды. Отырықшы аудандарда жер өңдеуге темір соқа, жерді тегістейтін мала, орақ, шалғы, кетпен, ағаш күрек пайдаланылған. Ұн тартатын су және қол диірмендер, бидай және тары түйетін келі-келсаптар болған.
14-15 ғасырларда ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Фольклордың ертедегі үлгілері мифологиялық сюжеттерден тұрады. Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. 6-8 ғасырлардан бастау алған батырлық жырлар толықтырылып, 14-15 ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. 13-15 ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастады. Ауызша поэзияның өкілдері: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы.
14-15 ғасыр аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар: “Жошы ханның жортуы”, “Ақсақ құлан”, “Ел айырылған”, “Сағыныш”.
14 ғасырда Өзбек пен Тоғылық-Темір хандардың билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлінген. Қазақстанда исламның суфизм тармағы таралған. Суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған. Сонымен 14-15 ғасырларда ислам діні мен шаманизмнің кейбір наным-сенімдері қатар өмір сүрген.
-
XIV–XV ғасырларда ислам дінімен қатар өмір сүрген діни сенім
-
Қуаңшылық кезінде жасалатын ырым
-
Басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданды
-
Дінсіздердің көп бөлігін ислам дініне кіргізген хан
-
«Ислам діні» мақаласын жазды
-
Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар
-
XIV–XV ғасырларда жазбаша әдебиеттің көпшілігі жазылды
-
XIII–XV ғасырлардағы ауызша поэзияның өкілдері
-
«Ер Тарғын», «Ер Қосай» батырлық жырлары пайда болды
-
«Қобыланды батыр» жырында кездесетін есімдер
-
Күн мен Айдың және жұлдыздың пайда болғандығы туралы аңыз
-
Отырықшы аудандардағы жерді тегістейтін құрал
-
Қыпшақтардың сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін жазды
-
Мал басынан алынатын шикізат көздері
-
Қазақ ертегілеріне жатады
-
Бізге жеткен аспаптық музыка туындылары