Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі

Конспект

Көшпелілер жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге көшіп жүрген.

Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халық жиналысы өткізіліп, ру мен тайпаның маңызды мәселелері шешілген.

Қыстау – жылы қоралары бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал қыстауда төлдетіледі.

Көктеу – қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және мал төлдеп жатқан кездегі қора маңындағы жайылым. Көктеу шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеуде ежелгі мереке – Наурыз мейрамдалған. Бұл мереке бұдан 3000 жылдай бұрын пайда болған. Көктемгі және күзгі жайылымдарда қой мен түйе қырқымы жүргізілген.

Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Жайлауда үйлену тойы, әр түрлі ойын-сауық, ат жарысы, күрес өткізілген және жыршылардың жыры, ақындар айтысы тыңдалған. Қысқы азық-түлік әзірленген.

Көшпелі мал шарушылығының бірнеше түрі болған.

Таза көшпелі тұрмыс – еліміздің батысы мен орталық аудандарында қалыптасқан.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Қазақстанның шығысында, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында дамыды.

Отырықшылық – оңтүстіктегі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында болған.

Киіз үй екі бөліктен – ағаш қаңқадан және жабуға арналған киізден құралған.

Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің негізі, уық – керегеге байланып, шаңырақты көтеріп ұстап тұратын бөлігі, шаңырақ – дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалған төбесі. Көшпелілер киіз үй ішіндегі ошақты киелі санаған.

 



Сұрақтар
  1. Киіз үйдің негізгі бөлігі

  2. Батыс және Орталық Қазақстанда қалыптасқан шаруашылық түрі

  3. Жайлаудағы мал жаю тәсілі

  4. Наурыз мейрамы пайда болды

  5. Күздегі жайылым

  6. Киіз үй негізінде 2 бөліктен тұрады:

  7. Бақташылар малды алысқа ұзатып бағатын болған

  8. Көшпелілердің негізгі баспанасы

  9. Ерте темір дәуіріндегі қыстауда үйлер саны

  10. Қыстау

  11. Ерте темір дәуірінде таза көшпелі малшаруашылығы қайда қалыптасты?

  12. Ерте темір дәуірінде отырықшы шаруашылық қай жерде дамыды?

Қате туралы хабарландыру