Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

II бөлім. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Конспект

 

Адамдар жылқыны азық және мініс көлігі ретінде пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді әрі қыста тебіндеп жайылады, шөпті қар астынан тұяғымен аршып алады. Металл ауыздықтың шығуы жылқыны міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Ендігі жерде атқа мінген бақташы малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.

Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйе өсірудің маңызы зор

болды. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Түйе жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Солтүстік аймақта сиыр, ал оңтүстікте қой көп өсірілді.

Қазақстан далаларында б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасынан егіншілікпен шұғылданудың тиімсіз екендігі белгілі болды. Табиғатта құрғақшылық күшейіп, жауын-шашын азайды. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Далалықтар көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты.

 



Сұрақтар
  1. Егіншілікпен айналысу тиімсіз болды

  2. Түйе малы көп өсірілген аймақ

  3. Көшпелілердің суыққа төзімді, тебіндеп жайылатын малы

  4. Көшпелілер арбамен көшуден бас тартқанының себебі

  5. Қой бағудың қолайлы болған себебі

  6. Бақташылықтың пайда болуына әсер етті

  7. Көшпелі шаруашылықпен қатар егіншілікпен айналысты

  8. Көшпелі малшаруашылығының пайда болу себептерінің бірі

  9. Көшпелі малшаруашылығының пайда болу себептері

  10. Жылқыны қолға үйретуге не әсер етті?

  11. Киіз үйдің ағаш қаңқасы қандай үш бөліктен тұрады?

Қате туралы хабарландыру