Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-нұсқа

Конспект

Қазақтың киіз үйі

1. Киіз үй – Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Мәдени-тұрмыстық және шаруашылық мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Шағын түрлерін келесідей жіктеуге болады: жаздық тұрғын киіз үй; жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй; көші-қонда пайдаланылатын уақытша жаппа үй; екі қанатты ақтағыр үй; киізі ескірген қара құрым үй және т.б.

2. Ал ақ киізді түрлі-түсті матамен оюланған ақ ала ордалар, 24 қанатты алтын үзік киіз үйлер, хандар мәжіліс өткізетін қанатты алтын үзік киіз үйлер, хандар мәжіліс өткізетін 30 қанатты алтын ордалар көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады. Жас жұбайларға арналған отау үй де жасау, жиһазға бай, сәнді де салтанатты келеді.

3. Киіз үйдің негізгі қаңқасын, яғни кереге, уық, шаңырақ, сықырлауықтарын «сүйегі» деп атайды. Киіз үйді тігерде, ең алдымен, қолайлы жер таңдап алады. Сонан соң керегелерді жайып, оны таңғыштармен біріктре таңады, есігін орнатады. Басқұр-таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шаншады. Әрбір уық қаламын шаңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіп, екінші жағын кереге басына байлайды. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік және киіз есіктерді жабады... Тығыз жапсырыла жабылған туырлық қозғалып не төмен түсіп кетпес үшін, сыртынан керегеге шаңдып байланады... Үзік киіздер арасында қуыс, ашық жер қалмайтындай етіп бірінің шетін екіншісімен бастыра жабылады. Бұдан соң киіз есік орнатылады. Ең соңында шаңыраққа бақан арқылы түндік жабады. Киіз есік пен түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып, жабылып тұрады.

«Шаңырақ» энциклопедиясынан



Сұрақтар
  1. Мәтіннен тыс ақпарат

  2. Киіз үйдің «сүйегі»

  3. Безендірілуіне байланысты киіз үй түрі

  4. Бірінші азатжолдың алғашқы жай сөйлемінің баяндауышы

  5. Ашылып, жабылып сөздері

Қате туралы хабарландыру