Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа

Конспект

Дарын иелері

1. Өркендеу үшін, қажетті дүниелерді жасау үшін адамның озық ойы керек. Ғылымды, жаңалықты дүниеге келтіру үшін адам керек. Сол адам кім? Олар – дарындар. Ал сол дарын иелерін құрметтеген елдер өздерінің де абыройын көтеріп отыр.

2. Қазақ халқы «әкеден өте туғандар», «әкеге жете туғандар», «әкеден кейін кете туғандар» деп халықты үшке жіктейді. Ал қытайлар «алдын ала ойлап, бұрын шешетіндер», «артын ойлап, артынан шешетіндер», «түк ойлап, түк шешпейтіндер» деп үшке жіктеген. Әл-Фараби бабамыз: «Бұрын ойлап, бұрын шешетінді – Адам, артынан ойлап, артынан шешетінді – құл, ал түк ойлап, түк шешпейтінді – ойсыз жан» деген.

3. Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамды, яғни алдын ала жылдам ойлап, шешім қабылдайтындарды данышпандар, даналар, дарындылар, тәңірқұтылар деп атайды», – деген.

4. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда кейбір мемлекет дарын иелерін іздеу, дарын иелері бола қалса, оларға көңіл аудару, оларға жан-жақты мүмкіндіктер жасау ісін қолға алды. Соңғы ғасырда дарын иелеріне ерекше көңіл аударғандар – америкалықтар. Олар өз еліндегі дарындарға қажет деп табылған барлық мүмкіндікті жасады. Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дарын иелеріне көңіл аударуды іске қосқан – орыстар, немістер, жапондар, қытайлар, ағылшындар, француздар, кәрістер, үндістандықтар, пәкістандықтар, ирандықтар.

5. Ұлтқа көсем бола алатын, халыққа қамқор бола алатын адамды тәңірқұты дейміз. Қазақтың тәңірқұтылары – Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Қаныш Сәтбаев. Енді біз өзге жұрт сияқты өз тәңірқұтыларымызды іздеуіміз керек. Мүмкін, ол бесікте жатыр, мүмкін, ол жүгіріп жүр...



Сұрақтар
  1. Мәтіндегі «тәңірқұтылар» сөзін алғаш қолданушы

  2. Сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі

    Қазақтың тәңірқұтылары – Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Қаныш Сәтбаев.

  3. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дарын иелеріне көңіл аударуды іске қосқан елдер қатарына кіргендер

  4. Халықты үш жікке бөліп, түсінік беретін азатжол(-дар)

  5. Мәтін мазмұнына сай сөйлем

Қате туралы хабарландыру