Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

5-нұсқа

Конспект

Жаһандану дәуірінде ұлттық сананы қалай қалыптастырамыз?

1. Қазір барлық мемлекеттер жаһандану жағдайына бейімделіп күн кешуде. Бұл дегеніміз – батыстық өркениетті меңгеру жолында ұлттың төл тарихы мен мәдениетін жоғалту қаупі бар деген сөз. Батыстың білімі, ғылымы, технологиясы біздерге қажет-ақ, бірақ шамадан тыс еліктеу дәстүрлі тәрбиелік, адамгершілік құндылықтардан айырады. Сондықтан жаһандануды әрбір ұлт немесе мемлекет өз болмысына қарай бейімдеп сіңіре алса қауіпсіз болары анық.

2. Елбасы жаһандану жайлы былай дейді: «Жаһанданудың екі түрі бар. Бірі –неолиберализм. Бұл бағытта шикізат пен жоғарғы технологиялық өнімдердің бағасының теңдігі сақталмауы арқылы, мемлекеттердің бай және кедей болып екіге жарылуы жүзеге асады. Бұндай жаһандану адамзаттың үстем бөлігінің кедейшілік пен қараңғылықтан шығуына жол бермейді. Жаһанданудың кедейшілік түрі – мемлекеттер, халықтар, діндер арасындағы ашық пікір алмасу мен тең қатынас арқылы әркімнің өз даму жолын таңдауына, әлемдік нарық жағдайында өз үлесін әділ алып отыруына, қай елде тұратынына қарамастан адамдардың теңдігі сақталуына қол жеткізеді».

3. Бүгінгі қазақ ұлты – «Рухани жаңғыру» аясында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз ел. Қоғамдағы жастардың таным-түсінігі мүлде басқаша. Олар өздері қалаған ісімен айналысып, еркін әрекет ете алады. Тіпті ұлттың құрамы ала-құла, яғни отбасының құрамы ала-құла болған соң, тілі де біркелкі емес. Кез келген мемлекеттің дамып, гүлденуі үшін көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ болуы шарт. Білімді ұрпақ дегеніміз – инновациялық терең білім алған, технологиялар әлемінде қабілетті, тарихы мен мәдениетін ұғынған, тілі мен дінін сақтаған рухани таза ұлттың ұрпағы.

4. Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең ұлт жаһандану деген алып мұхитта өз келбетін жоғалтпайды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын болатыны сөзсіз.



Сұрақтар
  1. Мәтіннен тыс ақпарат

  2. Мәтіннің жанры

  3. Сөйлемдегі шылаулардың түрі

    Бұл бағытта шикізат пен жоғарғы технологиялық өнімдердің бағасының теңдігі сақталмауы арқылы, мемлекеттердің бай және кедей болып екіге жарылуы жүзеге асады.

  4. Еркін сөзінің буын түрлері

  5. Үшінші азатжолдың соңғы сөйлеміндегі сызықшаның қойылу себебі

Қате туралы хабарландыру