Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

2-нұсқа

Конспект

Ғылым эволюциясы

Ғылым — адам қызметінің шеңбері болғандықтан, оның нәтижесі ақиқат критерийіне жауапты шындық туралы жаңа білім. Расселдің пікірінше: «Ғылым адамы– бұл ықыласты, абайлы, бірізгілікті, ол тек өз тәжірибесіндегі қорытындыларға сүйенеді және түгел жалпылауға дайын емес, ол теорияны тамаша, симметриялы және синтетикалық сипатта болғандығына қарап қабылдамайды; ол оны бөлшектеп және қосымша зерттейді».

Рассел ғылым туралы түсінік бере отырып, ғылым — ол ең алдымен, көптеген бөлек мәліметтерді байланыстыратын, жалпы заңдылықтарды табуға ұмтылатын жалпы заң. Ғылым ақиқатты іздестіретін өнермен тең, бірақ ол өнерде жоқ практикалық маңызға ие. Осыған орай ғылыми білімдердің қорғансыздық ерекше формасы пайда болады, яғни ғылым, өз жемісінің қалай қолданатынын шешпейді. Ғылым адамдарға әдепті емес, мақсатқа жету жолын нұсқайды. «Ғылым» деген термин – бүгінгі күні ғылыми әдіспен алынатын білім жиынтығы. Ғылыми таным теориямен ғана жіктеліп қоймайды, ол – ақиқатты іздестіру жолы. Ғылым адамның іс-әрекеті болғандықтан, әдістермен сипатталады. Шындықты практикалық және теориялық игерудің тәсілдер мен операциялар жиынтығы «әдіс» деген ұғыммен белгіленеді. Осындай тәсілдер мен операциялар – зерттеушінің қылықтарын басқаратын міндетті норма, ереже қасиеті деп аталған. Зерттеу нормасын Т. Кун былай түсіндіреді: «Ол – ғылымның екі жағдайы бар бірі төңкеріс фазасы, екіншісі «қалыпты ғылым». «Қалыпты ғылым» бірсыпыра бұрынғы ғылыми жетістіктерге мықты сүйенетін зерттеу. «Қалыпты ғылым» деген терминмен «парадигма» деген термин байланысты. Парадигма – жаппай қабылданған эталон, заң, теория, оны практикалық қолдануы, әдіс, жабдық т.б. кіретін ғылыми зерттеу үлгісі. Бұл – ескі парадигманы жойып, оның орнына жаңасын еңгізетін ғылыми қоғамда қабылданған ғылыми іс-әрекеттің ережесі және стандарты.

Парадигманың болуы ғылымның немесе бөлек ғылыми пәндердің жетілу белгісіне жатады. Ғылыми психологияда парадигманың қалыптасуы В.Вундтың еңбектері мен оның ғылыми мектептерінде бейнеленеді.



Сұрақтар
  1. Мәтінді оқы. Мәтін не туралы екенін тап.

  2. Мәтін қай конспект түріне жататынын тап.

  3. «Жаппай қабылданған эталон, заң, теория, оны практикалық қолдануы, жабдық т.б. кіретін ғылыми зерттеу үлгісі». Бұл ненің анықтамасы екенін көрсет.

  4. Мәтінді оқы. Осы мәтінде конспект жоспары айтылатын, айтылмайтынын тап.

     

  5. Мәтінді мұқият оқы. Мәтін конспектісін жазу үшін қандай ақпарат іріктеліп алынғанын тап.

Қате туралы хабарландыру