Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер

Конспект

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала тілазар бала, шабан ат жүрдек ат, іскер адам олақ адам, жақсы мінез жаман мінез, қисық ағаш түзу ағаш, тату көрші араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

 

Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

 

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерде, сын есімдерде, етістіктерде және үстеулерде кездеседі.

 

Зат есімнен

болған синонимдер

Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер

Ел

Халық

Жұрт

Көпшілік

Жамағат

Сұлу

Әдемі

Келбетті

Ажарлы

Көрікті

Кездесу

Дидарласу

Ұшырасу

Жолығу

Алыс

Қашық

Шалғай

Қиян

 

Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер.

 



Сұрақтар
  1. Антоним қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

    Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

  2. «Жүзі ашық» тұрақты тіркесінің баламасын ажыратыңыз.

  3. Омоним сөзді көрсетіңіз.

  4. Омонимі бар сөйлемді табыңыз.

  5. Омоним қатысқан сөзді көрсетіңіз.

  6. Омоним болатын сөздер қатарын табыңыз.

  7. Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.

  8. Синонимдік қатарды табыңыз.

  9. Синонимдер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  10. Синонимдер қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  11. «Енжар» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз.

  12. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.

  13. Антоним қатысқан қатарды көрсетіңіз.

  14. Антонимді табыңыз.

  15. Антонимдік жұпты табыңыз.

  16. «Ит терісін басына қаптады» тұрақты сөз тіркесінің антонимін табыңыз.

  17. Антонимі бар қатарды белгілеңіз.

  18. Синоним үстеу сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  19. Туынды етістіктен болған синонимі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  20. Зат есімнен болған синоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  21. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  22. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  23. Зат есімді қос сөзден болған синонимі бар қатарды табыңыз.

  24. «Қуанышы қойнына сыймау» тұрақты тіркесінің синонимін табыңыз.

  25. Көп нүктенің орнына тиісті синонимді қойыңыз. Кішкентай қыз жатырқау, ... дегенді білмейді.

  26. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  27. «Ұшан-теңіз» сөзінің синонимін табыңыз.

  28. Синонимдік қатарды толықтырыңыз. Сана, ..., ...

  29. «Тетелес» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

  30. Қай сөйлемде сын есімнен болған синоним барын табыңыз.

  31. «Нұр» сөзінің синонимін табыңыз.

  32. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  33. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  34. Синоним сөздер қатыспаған қатарды табыңыз.

  35. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  36. Синоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  37. Синонимдік қатарды толықтырыңыз. Туыс, жақын, ...

  38. Синоним сөздері бар сөйлемді табыңыз.

  39. «Епті» сөзінің синонимін табыңыз.

  40. Сын есімнен болған синоним сөздер тізбегін көрсетіңіз.

  41. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

  42. Синоним сөздер қатарын көрсетіңіз.

  43. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  44. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  45. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

  46. Омоним бола алатын сөз қатысқан қатарды көрсетіңіз.

  47. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  48. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

  49. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  50. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  51. Омоним қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз.

  52. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  53. Омонимі бар сөйлемді табыңыз.

  54. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  55. Омоним бола алмайтын қатарды көрсетіңіз.

  56. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  57. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  58. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  59. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

  60. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.

  61. Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз.

  62. Омоним сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  63. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  64. Омоним бола алатын қатарды белгілеңіз.

  65. Омоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  66. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  67. Біркелкі дыбысталатын, мағынасы әртүрлі сөздердің қалай аталатынын көрсетіңіз.

  68. Көп нүктенің орнына антоним болатын қажетті сөзді белгілеңіз. ... жомарт емес, ... жомарт.

  69. Антоним сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  70. Антоним сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  71. Антонимдік жұп қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  72. «Таяқ тастам жер» тұрақты тіркесінің антонимін көрсетіңіз.

  73. «Тәбеті тартпады» тұрақты тіркесінің антонимін көрсетіңіз.

  74. Антонимдік жұбы бар мақал-мәтелді белгілеңіз.

  75. Антонимдік жұп құрай алмайтын сөзді көрсетіңіз.

  76. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  77. Антоним сөздер қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  78. «Рақат» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

  79. Көп нүктенің орнына антоним болатын сыңарды қойыңыз. Өтіріктің балын ішкенше,... уын іш.

  80. «Бағы жанды» тіркесінің антонимін табыңыз.

  81. Көп нүктенің орнына антонимдік жұп құрайтын сөзді қойыңыз. Жақсыдан – шарапат, жаманнан – ...

  82. Антоним сөздері бар мақалды табыңыз.

  83. Антонимдік жұп құрай алатын сөзді табыңыз.

  84. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  85. Антоним сөздер қатысқан мақалды табыңыз.

  86. Антонимдік жұпты табыңыз.

  87. Антоним сөзді көрсетіңіз.

  88. Антонимдік қатарды белгілеңіз.

  89. Антоним сөздер қатысқан мақалды табыңыз.

  90. Антонимдік жұп құрай алатын сөзді белгілеңіз.

  91. Антонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

  92. Антоним сөзді көрсетіңіз.

  93. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  94. Омоним болатын сөз қайсысы, көрсетіңіз.

  95. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  96. Омоним сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  97. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

  98. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  99. «Шебер» сөзінің антонимін табыңыз.

  100. Синоним сөздер қатарын көрсетіңіз.

  101. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.

  102. «Қас пен көздің арасында» тұрақты сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

  103. Антоним сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  104. Синоним емес сөздерді көрсетіңіз.

  105. Синонимдер қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  106. Антоним сөздерді табыңыз.

  107. Антоним болмайтын қатар (-лар)

  108. Құрамында синонимдес сөздері бар сөйлем (-дер)

  109. Омоним сөз (-дер)

Қате туралы хабарландыру