Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер

Конспект

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

 

Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

 

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі.

 

Зат есімнен

болған синонимдер

Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер

Ел

Халық

Жұрт

Көпшілік

Жамағат

Сұлу

Әдемі

Келбетті

Ажарлы

Көрікті

Кездесу

Дидарласу

Ұшырасу

Жолығу

Алыс

Қашық

Шалғай

Қиян

 

Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай, қыздың жиған жүгіндей болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер.



Вопросы
  1. «Оқушы» сөзінің синонимі

  2. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  3. Синоним сөздерді табыңыз.

  4. Антонимдік қатарды анықтаңыз.

  5. Синоним сөздер

  6. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

  7. «Мереке» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

  8. Синонимдерді анықтаңыз.

  9. Синонимді табыңыз.

  10. Мағыналары бір-біріне жақын сөздердің атауын табыңыз.

  11. Синоним сөздерді табыңыз.

  12. Синонимдік қатарды табыңыз.

  13. Синонимдік қатарды табыңыз.

  14. «Қоян жүрек» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

  15. «Ел, күшті» сөздерінің синонимдік қатарын табыңыз.

  16. Артық сөзі бар синонимдік қатарды белгілеңіз.

  17. Синонимдік қатарды табыңыз.

  18. Синонимдерді табыңыз.

  19. «Оқушы» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

  20. Синонимнің анықтамасын табыңыз.

  21. Антонимді табыңыз.

  22. Антонимді сөз тіркестерін анықтаңыз.

  23. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

  24. Антоним сөздерді белгілеңіз.

  25. Антонимдерді табыңыз.

  26. Антонимдерді табыңыз.

  27. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

  28. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.

  29. «Биік, алыс» сөздерінің антонимін табыңыз.

  30. Антонимдік жұпты табыңыз.

  31. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.

  32. «Пайда» сөзінің антонимін табыңыз.

  33. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

  34. «Қалың дәптер» сөз тіркесінің антонимін табыңыз.

  35. Антонимдер қатарын анықтаңыз.

  36. «Тұнық» сөзінің синонимін табыңыз.

  37. «Қадірлі» сөзінің синонимін табыңыз.

  38. «Жоғары» сөзінің антонимін анықтаңыз.

  39. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

  40. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  41. Антонимдерді табыңыз.

  42. Өзара антоним сөздерді көрсетіңіз.

  43. «Мұрат» сөзінің синонимін табыңыз.

  44. Антонимдер қатарын табыңыз.

  45. «Жылдам» сөзінің синонимін анықтаңыз.

  46. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  47. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  48. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

  49. «Оқытушы» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

  50. Синонимдерді табыңыз.

  51. Синоним сөздерді табыңыз.

  52. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  53. «Мейрам» сөзінің синонимін белгілеңіз.

  54. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  55. Антоним сөзді мақалды табыңыз.

  56. Антоним сөздерді табыңыз.

  57. «Жақын» сөзінің синонимін анықтаңыз.

  58. «Әдемі» сөзінің синонимдес қатарын белгілеңіз.

  59. Антоним сөздерді белгілеңіз.

  60. Синоним сөздерді табыңыз.

  61. «Жеке» сөзінің синонимін белгілеңіз.

  62. Антоним сөздерді табыңыз.

  63. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  64. «Лас» сөзінің антонимін анықтаңыз.

  65. Антоним сөздер қатарын көрсетіңіз.

  66. Омоним болатын сөзі анықтаңыз.

  67. Синоном сөздерді табыңыз.

  68. Омоним болатын сөзді белгілеңіз.

  69. Синоним сөздерді анықтаңыз.

  70. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  71. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Бұл кісі – біздің ... ағайынымыз.

  72. «Қырсық» сөзінің синонимін табыңыз.

  73. Омоним сөзді көрсетіңіз.

  74. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  75. Артық сөзі бар синонимдік қатарды белгілеңіз.

  76. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  77. Антонимдерді табыңыз.

  78. Антоним сөздердің жұбын көрсетіңіз.

  79. Мағынасы жақын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  80. «Ұзын – қысқа» қандай сөздер екенін белгілеңіз.

  81. «Жер жүзі» сөзінің синонимін белгілеңіз.

  82. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  83. Синоним болатын қатарды анықтаңыз.

  84. «Төмен» сөзінің антонимін анықтаңыз.

  85. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

  86. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

  87. Антонимдерді табыңыз.

  88. «Мереке» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

  89. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

  90. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

  91. Антоним сөздерді табыңыз.

  92. Cинонимдік қатарды табыңыз.

  93. Антонимді табыңыз.

  94. «Байырғы» сөзінің синонимін анықтаңыз.

Сообщить об ошибке