Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Кірме сөздер. Диалект сөздер

Конспект

Кез келген тілдің сөздік құрамы үнемі өзгеріп отырады. Тілге әртүрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, моңғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.

 

КІРМЕ СӨЗДЕР

Араб-парсы тілінен енген сөздер

Моңғол тілінен енген сөздер

Орыс тілінен енген сөздер

Адам, қоғам, ғалым, білім, ғылым, мектеп, кітап, әлем, әдебиет, мәдениет, әліпби, т.б.

Жасақ, ұлыс, нөкер, жарлық, аймақ, өлке, Тарбағатай, Зайсан, Баянауыл, Алтай, т.б.

Жәшік, тәрелке, сөмке, кәмпит, бәтеңке, самауыр, зауыт, кереует, жәрмеңке, үстел, т.б.

 

Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тікұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.

Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірең, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуіл, т.б. сөздер диалект сөздер болып саналады.

 



Сұрақтар
  1. Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.

  2. Араб тілінен енген сөзді табыңыз.

  3. «Жұмыртқа» сөзінің диалектілік баламасын табыңыз.

  4. Диалект сөзді табыңыз.

  5. Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді белгілеңіз.

  6. Кірме сөздерді көрсетіңіз.

  7. Моңғол тілінен енген сөздерді көрсетіңіз.

  8. Диалект сөзді табыңыз.

  9. Диалект сөзді көрсетіңіз.

  10. Кірме сөзді анықтаңыз.

  11. Диалект сөзді табыңыз.

  12. Орыс тілінен енген сөзді табыңыз.

  13. Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.

  14. Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана колданылатын сөздер қалай аталатынын табыңыз.

  15. Басқа тілден енген сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  16. Кірме сөздерге тән анықтаманы көрсетіңіз.

  17. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

  18. Диалект сөзді көрсетіңіз.

  19. Диалект сөзді табыңыз.

  20. Диалект сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  21. Диалект сөздер қатарын көрсетіңіз.

  22. Диалект сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  23. Диалект сөздердің анықтамасын көрсетіңіз.

  24. Диалект сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  25. Диалект сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  26. Диалект сөздер қатарын көрсетіңіз.

  27. Диалект сөз қатарын көрсетіңіз.

  28. Басқа тілден енген сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  29. Орыс тілінен енген сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  30. Моңғол тілінен енген сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  31. Араб тілінен енген сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  32. Кірме сөзге жатпайтын қатарды көрсетіңіз.

  33. Кірме сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  34. Қазақ тіліне орыс тілінен енген сөз қатарын белгілеңіз.

  35. Моңғол тілінен енген сөз қатарын табыңыз.

  36. Кірме сөздер қатарын көрсетіңіз.

  37. Араб-парсы тілінен енген кірме сөз қатарын көрсетіңіз.

  38. Басқа тілден енген сөздер қалай аталатынын белгілеңіз.

  39. Жалпыхалықтық сипат алмаған сөздер қай қатарға жататынын көрсетіңіз.

  40. Басқа тілден енген сөзді анықтаңыз.

  41. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөйлеу тілін көрсетіңіз.

  42. Кірме сөз (-дер)

Қате туралы хабарландыру