Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Кәсіби сөздер. Термин сөздер

Конспект

Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:

1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқкиім тігетін құрал, тарамыс аяқкиім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

 

2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

 

Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.

1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат, т.б.

2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффициент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм, т.б.



Сұрақтар
  1. Кәсіби сөздердің неше салаға бөлінетінін көрсетіңіз.

  2. Жер суару кәсібіне байланысты сөзді белгілеңіз.

  3. Қызылша шаруашылығына қатысты кәсіби сөзді белгілеңіз.

  4. Берілген термин сөздің қай ғылымға тән екенін белгілеңіз.

    Гидрат.

  5. Термин сөздерді көрсетіңіз.

  6. Белгілі бір шаруашылық саласында қолданатын сөздерді көрсетіңіз.

  7. Қолөнершілікке қатысты сөздер тобын көрсетіңіз.

  8. Интернационалдық терминдерге жататын сөздерді белгілеңіз.

  9. Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

  10. Қазақ тіліндегі терминдердің жасалу жолын анықтаңыз.

  11. Кәсіби сөздерді табыңыз.

  12. «Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

  13. Термин сөз қатысқан қатарды табыңыз.

  14. Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз.

  15. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.

  16. Термин сөздерді көрсетіңіз.

  17. Әдебиет ғылымына байланысты термин қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  18. Термин сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  19. Мүсәтір, көмірқышқыл сөздері қай ғылым саласына тән термин екенін табыңыз.

  20. Әдебиет ғылымына қатысты термин сөз қатарын көрсетіңіз.

  21. Тарих ғылымына қатысты термин сөз қатарын белгілеңіз.

  22. Физика ғылымына қатысты термин сөзді табыңыз.

  23. Тіл біліміне қатысты термин сөз қатарын көрсетіңіз.

  24. Математика ғылымына қатысты термин сөз қатарын табыңыз.

  25. Термин сөздер неше жолмен жасалатынын белгілеңіз.

  26. Термин сөзге тән анықтаманы көрсетіңіз.

  27. Кәсіби сөзге жатпайтын сөздерді көрсетіңіз.

  28. Жүгері шаруашылығына байланысты кәсіби сөзді көрсетіңіз.

  29. Мал шаруашылығына байланысты кәсіби сөзді көрсетіңіз.

  30. Мақта шаруашылығына байланысты кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  31. Кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  32. Қызылша шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді көрсетіңіз.

  33. Кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  34. Ұсталық кәсібіне қатысты кәсіби сөзді көрсетіңіз.

  35. Кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  36. Етікшілікке байланысты кәсіби сөзді табыңыз.

  37. Кәсіби сөз қатарын көрсетіңіз.

  38. Кәсіби сөздің анықтамасын көрсетіңіз.

  39. Кәсіби сөздер неше салаға бөлінетінін көрсетіңіз.

  40. Ботаника ғылымына байланысты термині бар сөйлемді көрсетіңіз.

  41. География ғылымына қатысты термин сөз қатарын белгілеңіз.

  42. Термин сөзді көрсетіңіз.

  43. Терминдерге тән белгі (-лер)

  44. Қолөнерлік кәсіби сөз (-дер)

  45. Термин сөз (-дер)

Қате туралы хабарландыру