Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Кәсіби сөздер. Термин сөздер

Конспект

Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:

 

1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз шеге суырғыш, біз – аяқкиім тігетін құрал, тарамыс – аяқкиім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

 

2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

 

Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер. Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.

 

1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат, т.б.

2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм, т.б.



Вопросы
  1. География ғылымына қатысты термин сөз қатарын белгілеңіз.

  2. Мүсәтір, көмірқышқылы сөздері қай ғылым саласына тән термин екенін табыңыз.

  3. Ботаника ғылымына байланысты термині бар сөйлемді көрсетіңіз.

  4. Етікшіліке байланысты кәсіби сөзді табыңыз.

  5. Жүгері шаруашылығына байланысты кәсіби сөзді көрсетіңіз.

  6. Кәсіби сөз қатарын көрсетіңіз.

  7. Кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  8. Кәсіби сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  9. Кәсіби сөзге жатпайтын сөздерді көрсетіңіз.

  10. Кәсіби сөздің анықтамасын көрсетіңіз.

Сообщить об ошибке