Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Кірме сөздер. Диалект сөздер

Конспект

Кез келген тілдің сөздік қоры үнемі өзгеріп отырады. Тілімізге әр түрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілімізге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, моңғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.

 

КІРМЕ СӨЗДЕР

Араб-парсы тілінен енген сөздер

Моңғол тілінен енген сөздер

Орыс тілінен енген сөздер

Адам, қоғам, ғалым, білім, ғылым, мектеп, кітап, әлем, әдебиет, мәдениет, әліпби, т.б.

Жасақ, ұлыс, нөкер, жарлық, аймақ, өлке, Тарбағатай, Зайсан, Баянауыл, Алтай, т.б.

Жәшік, тәрелке, сөмке, кәмпит, бәтеңке, самауыр, зауыт, кереует, жәрмеңке, үстел, т.б.

 

Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тікұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.

 

Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірен, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуіл т.б. сөздер диалект сөздер болып саналады.



Вопросы
  1. Араб тілінен енген сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  2. Араб-парсы тілінен енген кірме сөз қатарын көрсетіңіз.

  3. Басқа тілден енген сөздер қалай аталатынын белгілеңіз.

  4. Басқа тілден енген сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  5. Басқа тілден енген сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  6. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

  7. Диалект сөз қатарын көрсетіңіз.

  8. Диалект сөз қатарын көрсетіңіз.

  9. Диалект сөз қатарын көрсетіңіз.

  10. Диалект сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

Сообщить об ошибке