Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Көнерген сөздер. Жаңа сөздер
Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
Тарихи сөздер – ескі заманда қолданылған, дәуірі өткен тарихи сөздер атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:
– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, ағасұлтан, болыс, ауылнай, т.б.
– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.
– кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, т.б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады:
– мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б.
– әдет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б.
– үй тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, күпі, шекпен, сәукеле, т.б.
Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:
– діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.
– жыл атаулары: барыс, ұлу, тышқан, т.б.
– ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизм деп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң, жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның баламасы ауыстырады. Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.
Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық, т.б.
Қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге көптеген жаңа сөздер – неологизмдер енді. Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.
-
Жас келіншектердің дәстүрлі баскиімін белгілеңіз.
-
Архаизмге қарама-қарсы сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.
-
Бау-бақша саласына қатысты жаңа сөзді көрсетіңіз.
-
Жаңа сөзге жатпайтын қатарды табыңыз.
-
Жаңа сөзге тән анықтаманы көрсетіңіз.
-
Жаңа сөздер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Жаңа сөздерді ғылыми тілде қалай атайтынын белгілеңіз.
-
Жаңа сөздердің баламасын табыңыз.
-
Жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөзді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.