Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

5-нұсқа

Конспект

Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. 

     Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен. 
     Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ.  «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасында Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін. 
     Қайран әжем өле-өлгенше Рәзия келіннің қазасына қайғырып өтті. Мезгіл-мезгіл тоқаш қуырып, ас пісіріп, келіннің аруағына бағыштап құран оқытар еді.
     – Жатқан жерің жаннат болсын, маңдайыма сыймай кеткен пе ріштем Рәзия, – деп өзінен-өзі отырып, көзіне жас алып қайғыратын. Сөйтіп, Рәзиядан қалған немерелерінің басынан сипап, маңдайымыздан сүйетін.  


Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя» повестінен үзінді



Сұрақтар
  1. Әжесі ие болған сипат

  2. Момыштың  33 жасына дейін үйленбеуінің  себебі 

  3. Автордың әжесі мен анасының қарым-қатынасы туралы жасауға болатын қорытынды

  4. "Қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды" деген тіркестің мағынасы

  5. Үзіндіде көрініс тапқан  маңызды құндылықтар 

Қате туралы хабарландыру