Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Вариант 5

Конспект

     Ұйқы да қысып барады. Қарттың соңғы тәуліктерде ұйқысы шала болатын. Аңғал-саңғал, үңірейген иен таудың арасында әлденеге елегізіп, ұйықтай алмаған. Көзі ілініп бара жатып, әлсін-әлі шошып ояна берген. Өйткені кешегі түні ауыр айқаспен өтті. Түс кезінде бұған бір көкжал қасқыр кезігіп, соңынан қалмай қойды. Біресе алдына, біресе артына шығып, торуылдады да жүрді. Қарт бірнеше рет таяғын сермеп, айқайлап, тап-тап беріп көріп еді, онысына көкжал сескене қоймады.
     «Бір абұйыры, жалғыз екен, -деді шал бір есеппен. -Бұған тағы біреуі қосылып, екі жақтамаса болғаны. Біреуіне алдыра қоймаспын»,-деп қалтасынан үлкен қара кездігін алып, қолына оңтайлап ұстап жүрді. «Бұл сұмырай менің түнде жатар жерімді аңдып келеді-ау,-деді қарт тағы да. Сондықтан айдалаға қона кетпей, бір мықты бекініс тауып, сонда түнегенім жөн болар... Апырай,-деді қарт бармағын шайнап, - осындайда мылтығым болар ма еді!».
     Күн батып, қас қарайып барады. Артына қарап еді, көкжал тіпті жақындап қалған екен. Қарт сасқалақтап, оң жағындағы биік тасқа қарай өрмеледі. Сол тастың бір қуысына паналады. Шал маңайда жатқан бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды. Сонан соң қас дұшпанын күтті де отырды. Қарсыдағы шоқпар тастың үстіне келіп, көкжал да жатып алды.
     Осы бетінде қанша отырғаны белгісіз, бір заматта қалғып кетіпті. Бір кезде дәл аяқ жағынан шыққан тысырдан шошып оянды. Жалма-жан көзін ашып алып, төменге қарап еді, жаңағы екі от едәуір жақындап қапты. Ол жан дәрмен орнынан атып тұрды да, қасында жатқан келідей тасты төмен қарай домалатып жіберді. Сол-аұ екен, «қаңқ» еткен бір дыбыс шықты да, қасқыр салдыр-гүлдір домалаған таспен бірге құздан құлдырап, жоқ болды. Қарт қуаныштан жылап жіберді...


Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» повесінен үзінді



Вопросы
  1. Үзіндіге сәйкес келетін тақырып

  2. Қарттың қасқырдан қорғану тәсілі

  3. Қарттың жылау себебі 

  4. Қартқа жақындап қалған «екі оттың»  мағынасы 

  5. Қарттың елегізіп, ұйықтай алмауының себебі 

Сообщить об ошибке