
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Вариант 4
Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі.
Кеше ғана мектеп оқушысы едім, қазірде Қазақстандағы жалғыз университеттің бесінші курс студентімін. Арманым – журналист болу, сол өнердің шебері атану. Тәжірибені облыстық газет редакциясында өткіздім. Бірнеше мақалам газетке шықты. Жұрт таңғалғандай бір суреттеме, фельетон жазбадым. Бүгінге дейін бар білгенім – «Оқу, оқу және оқу!» Оқуға он бес жылым кетіпті. Мәскеу университеті шығармашылық бәйге жариялады. Мен жеңімпаз болдым. Жеңімпаздарға сыйақы мен хорват еліне лагерьге жолдама берді.
Хорват елінде біз биік таулар мен шатқалдарға саяхатқа шықтық. Бізге Вацлав Мирзе деген кісі гид болды. Саяхат кезінде Вацлав Мирзе таңғажайып оқиға айтты. Сол ойымнан кетпейді. Ол 1941-1945 жылдары екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Хорваттағы барлаушы топтың жетекшісі болған. Вацлавтың тобында Шыңғыс деген қазақ жігіті болады. Шыңғыс өнерпаз, батыр жауынгер екен. Ол хорват жерінде тұтқынға түскенше көп ерлік жасаған. Немістердің электр стансасын жарған, штаб-пәтерлерін өртеген, электр пойыздың жолын қиратқан, элеваторды өртеген, Германияға жіберетін астықты өртеген.
Олар 1944 жылы қыста тау үңгірінде тоғыз күн қоршауда қалады. Тоғызыншы күні немістер дизельді двигатель әкеледі. Олар бұрғымен тауды тесіп, барлаушыларды тұтқынға алмақ болады. Сексен хорват жауынгерін тау үңгірінен қазақ жігіті Шыңғыс алып шығады. Ол үңгірдің сыртындағы немістердің электр қуатын өз құралына қосады. Қалай қосқанын жауынгерлер түсінбейді. Осылайша, Шыңғыс құралымен тауды теседі. Бірақ оның тауды қалай тескенін ешкім түсінбейді. Ол әлі күнге жұмбақ Шыңғыс өзі сол жерде қаза табады.
Сол үңгірге бізді Вацлав Мирзе саяхатқа апарды. Қазақ жауынгері жайлы таңғажайып оқиғаны айтты.
Медеу Сәрсекенің «Жетінші толқын» шығармасынан үзінді
-
Автордың журналистік білім алуына кеткен уақыт көлемі
-
Автордың шығармашылық байқаудан жеңіп алған бәйгесі
-
Авторды хорват елінде таң қалдырған оқиға
-
Мәтінде баяндалған оқиға орын алған мерзім
-
Оқиғада баяндалған Шыңғыс батырды өзгелерден ерекшелеген қасиеті